Fake News

Фейк: «ДЭФ климатты сақтау үшін қоқыс жеуді ұсынады»

Қазнетте Дүниежүзілік экономикалық форум климаттың өзгеруін тоқтату үшін адамдар қалдықтармен қоректенуі керек деген ұсыныс жасағаны туралы ақпарат тарады. Форум бұқаралық ақпарат құралдарын бұл идеяны көпшілікке насихаттауға және оны кеңінен таратуға шақырады. Бұл өтірік.

Дүниежүзілік экономикалық форумның таңқаларлық ұсынысы туралы хабарлама алғаш рет ағылшын тіліндегі The People’s Voice жаңалықтар порталында пайда болды. Бұл беделін жоғалтқан News Wire сайтының орнына құрылған өте сенімсіз ақпараттық ресурс. Мұнда қастандық теориялары, өтірік, псевдоғылыми мақалалар мен үгіт-насихат материалдары жарияланады. Бұл порталдың жарияланымдарына сенуге болмайды.

Сонымен қатар Дүниежүзілік экономикалық форумның ресми сайтында адам нәжісін немесе сол сияқты нәрсені жеу туралы ештеңе жазылмаған.

Желіден іздеу кезінде фактчекерлердің теріске шығаруынан басқа ақпарат табылмады. Climate Fact Check және USA Today порталдары ДЭФ-тің даулы тамақтану рационына қатысты ұсынысы туралы жаңалық ойдан шығарылған және Форум мұндай ештеңе ұсынбаған деп хабарлады.

Демек, таралған ақпаратқа сенбеген жөн. Ол ойдан шығарылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button