Фейк: «Юрий Шатунов COVID-19 қарсы вакцинадан қайтыс болды»
Әлеуметтік желілерде 80-ші жылдары танымал болған «Ласковый Май» тобының жеке орындаушысы Юрий Шатунов COVID-19 қарсы егілгендіктен қайтыс болды деген ақпарат тарады. Бұл олай емес.
Юрий Шатуновтың дүниден өткені туралы осы жылдың 23 маусымында белгілі болды. Ол ауқымды инфаркттан кейін көз жұммған. Желі қолданушыларының пікірінше, бұл вакцина салдарынан болған. Алайда, бұған негіз жоқ.
Артисте жедел жүрек жеткіліксіздігі болғаны белгілі. Дәрігерлер музыканттың өлімі мен вакцинацияның арасындағы байланысты жоққа шығарды. Дәрігер-кардиолог Дмитрий Напалков вакциналардың барлық жанама әсерлері егілгеннен кейін бір-екі айдың ішінде болуы мүмкін деп мәлімдеді. Ал Юрий Шатунов бір жылдан астам уақыт – 2021 жылдың наурызында бұрын екпе салдырған. Демек, инфаркт вакцинациядан бомлаған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жедел жәрдем бригадасы жағдайдың ауырлығын дұрыс бағаламай, Шатуновқа шақырту бойынша барудан бас тартқаны хабарланды. Нәтижесінде, мамандар 40 минут уақытын жоғалтқан, ал бұл өнер иесінің өмірін сақтап қалуға көмектесер еді.
Мұның бәрі вакцинация мен Юрий Шатуновтың өлімінің арасындағы байланыс туралы пікір негізсіз және вакцинацияға қарсы адамдардың өз көзқарасын қорғауға бағытталған манипуляциялық әрекеті екенін көрсетеді.