Fake News

ІІМ Нұр-Сұлтанда полицейлер митингіге шықты деген ақпаратты жоққа шығарды тексерілді

WhatsApp мессенджерінде пайдаланушылар Нұр-Сұлтанда арандатушылық ұрандар айтып жатқан полицейлердің видеосы таратылуда. ҚР ІІМ хабарлағауынша, ролик фейк болып табылады.

 

 

– Бұл монтаждалған видео. Кадрларда бір топ полицей қызмет атқару орнына бара жатыр. Ролик авторы құқық қорғау органдары қызметкерлері айтып жатқандай көрінетін арандатушылық ұрандарды қосқан. Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын көрінеу жалған ақпарат тарату бар. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Роликтің авторы анықталуда. Сонымен қатар, видеоны таратқаны үшін де жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз, – делінген ІІМ түсініктемесінде.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button