Fake News

Фейк: «NASA-ның аса құпия жобасын сынау видеоға түсіп қалған»

Қазнет қолданушылары бір-бірімен ерекше бейнероликпен бөлісуде. Онда адамның көзіне ұқсас бұлттар көрсетілген. Кейбір адамдардың пікірінше, бұл NASA-ның Blue Beam деп аталатын құпия жобасының нәтижесі. Бұл өтірік.


Шын мәнінде, графикалық редакторлардың көмегімен аспанда көз салу – бұл конспирологияны жақтаушылар мен Желіде әзілдегенді ұнататындардың сүйікті әдісі. Мысалы, 2016 жылы Нұр-Сұлтанда түсірілген «Құдай көзі» фотосы кеңінен тарады. Сурет Желінің барлық дерлік сегментінде вирустық сипатқа ие болды.

Сурет іздеуге арналған TinEye құралының көмегімен қазақстандық БАҚ ішінде аспандағы көз туралы Nur.kz және ЭкспрессК жазғаны анықталды. Бұл реттеа Nur.kz-те көздің графикалық редакторлардың көмегімен салынуы мүмкін деп жазылған, ал ЭкспрессК порталындағы жазба қазір ашылмайды.
Дегенмен, кейде аспаннан «көз» көруімізге болады. Мұнда тылсым ештеңе жоқ. Адамдар жарық пен көлеңкеден, пішіндердің қисық сызығынан бет-әлпет көру құбылысы парейдолия деп аталады. Психиканың бұл ерекшелігі ата-бабаларымыз үшін жыртқыштардан қорғанудың өзіндік тетігі болды, өйткені қауіпті жануардың немесе көрші тайпадан келген жаудың жар астынан жасырын қарап тұрғанын байқамағанан гөрі, бұл әлдеқайда қауіпсіз.
Blue Beam жобасына келетін болсақ, ол тек конспирологтардың ғана ойында бар. Олардың пайымдауынша, NASA белгілі бір әлемдік үкіметке мойынсұнып, жер бетінде проекторлар көп орнатқан, «қажет болғанда» олардың барлығы бір сәтте іске қосылып, аспанда Құтқарушының бейнесін қалыптастырады, ал адамдардың еркін бағындыру үшін дауыстар естіледі.

Бұл дәлелденбеген. Дегенмен теория ұсынған жауаптардан гөрі аспанда қай Құтқарушы көрінеді, дауыстар қай тілде естіледі деген сияқты сұрақтар әлдеқайда көп.
Демек, таратылған видео Blue Beam жобасының бар екенін дәлелдемейді. Ал кадрлар компьютерлік графиканың көмегімен өңделген немесе онда болмаған әлемдік қастандыққа қатысы жоқ ерекше пішінді бұлттар көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button