Fake News

Фейк: «КВИ қарсы вакциналар әлі де сынақтан өтіп жатыр және эксперименттік болып табылады»

Telegram мессенджерінде қолданушылар барлық COVID-19 қарсы вакциналар әлі де клиникалық сынақтан өтіп жатқандығы туралы ақпаратпен бөлісуде. Бұл дұрыс емес.

КВИ қарсы вакциналардың клиникалық сынақтары туралы ақпаратты интернеттен табуға болады.
Бүгінгі таңда әлем бойынша 23 вакцина мақұлданды, оның 7-ін ДДСҰ мақұлдады. Бұл препараттардың барлығы клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан өткен.
Мысалы, Қазақстанда қолданылатын «Спутник-V» вакцинасы 7 елде жалпы 22 сынақтан өтті. Бұл туралы есептер ашық түрде жарияланады. Pfizer-BioNTech вакцинасы 21 елде 41 сынақтан өтті. 
Вакциналар тәжірибе деген тезис қате. Бұл мәлімдемені Reuters басылымының фактчекерлері жоққа шығарды. Олар материалда АҚШ пен Ұлыбританияда қолданылатын барлық вакциналардың пандемияның ауырлығына байланысты төтенше жағдайларда қолдануға рұқсаты бар екенін атап өтті. Бұл ретте, қолданылу мерзімі белгіленбеген. 
Демек, иммундауға арналған препараттар әлі де клиникалық сынақтардан өтіп жатыр және оларды қолдану эксперимент болып табылады деген пікір жалған. КВИ қарсы вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтармен расталған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button