Fake News
Фейк: «Вакцинацияланған адамдар 5G толқындары әсерінен жарылып жатыр»
Қазақстандықтар Telegram-да жерде қанжоса боп жатқан адамдардың бейнеролигін таратуда. Онда COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдар 5G толқындары әсерінен жарылды деп жазылған. Бұл фейк.
Бұл видео 2019 жылы Ирактағы наразылықтар кезінде түсірілген. Ол баршаға қол жетімді.
Демонстранттарды күштеп таратудың нәтижесінде 230-дан астам адам қайтыс болды. Кемінде екеуі көзден жас ағызатын газы бар гранаталардың басына тигеннен көз жұмған.
Желіде таратылған роликте нақ осы жағдай көрсетілген.
5G желілерінің COVID-19 пандемиясымен байланысы туралы теория конспирологиялық болып табылады және оған ешқандай дәлел жоқ. Біз мұндай фейктерді жоққа шығарған болатынбыз.