Fake News

Фейк: «Вакциналар адамдарды өлтіру және халықтың санын азайту үшін қажет»

Қазақстандықтар неміс адвокаты Рейнер Фулмихтың сөзінен үзінді келтірілген видеоны таратуда. Ол COVID-19-ға қарсы вакциналар аурудан қорғану үшін емес, адамдарды жаппай өлтіру және халық санын азайту үшін қажет деп айтады. Бұл өтірік.


Адвокат Рейнер Фулмих – вакцинацияға қарсы адамдар арасында әлемге танымал тұлға. Ол 2020 жылдың жазында «үкімет өкілдері мен ПТР тест жасаушыларға» қатысты халықаралық трибуналға материал жинау басталды мәлімдеп, танымал болды. Алайда, бұл материалды жазған кезде Фулмих «трибунал» туралы басқа ешқандай ақпарат ұсынбаған.
Осы жылдың маусым айының басында ол Желіде тағы да көпшілік алдына шығып, маймыл шешегі – COVID 2.0 деп мәлімдейді. Бұл идеяның негізі жоқ, маймыл шешегі мен COVID-19 – бұл екі түрлі ауру және олардың белгілері мүлдем өзгеше. 
Оның вакциналар адамдарды жаппай өлтіру үшін қажет деген мәлімдемесі де негізсіз.
Біріншіден, бүгінгі таңда әлемде бес миллиардтан астам адам COVID-19-ға қарсы егілді. Бұл ретте жаппай егу науқаны бір жарым жыл бұрын – 2020 жылғы 8 желтоқсанда басталды. Осы уақыт ішінде вакцинацияланған адамдар арасында жаппай және түсініксіз өлім жағдайлары туралы шынайы ақпараттар болған жоқ.
Жер халқы, 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда керісінше, 1.03%- ға өсті. 
Екіншіден, барлық вакциналар алдымен зертханалық сынақтардан өтеді, содан кейін оларды жануарларда, еріктілерде сынайды. Мұның бәрі препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігін көрсетуге бағытталған. Сипатталған кезеңдердің бірінде тексерілмеген құралдар нарыққа жіберілмейді.
Демек, вакциналар миллиондаған адамды өлтіруге арналған құрал деп айтуға еш негіз жоқ. Керісінше, Жер халқының саны артып келеді және COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғандар саны бес миллиардтан асты. Яғни, Рейнер Фулмихтің сөзі – еш негізі жоқ және объективті фактілерге қайшы келетін жеке пікірі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button