Fake News

Фейк: «Вакциналар салдарынан балалар мен ересектер арасында кенеттен қайтыс болу синдромы жиілеп кетті»

Әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакцинацияға байланысты әлемде балалар мен ересектер арасында кенеттен қайтыс болу синдромы жағдайлары жиілеп кетті деп жазылуда. Бұған мысал ретінде ұйықтап жатып жүрегі тоқтап қалған 31 жастағы Дублин тұрғыны келтіріледі. Оның қайтыс болуының себебі не және бұл жағдайдың вакцинацияға неге ешқандай қатысы жоқ еекенін түсіндіріп өтейік.


31 жастағы Кэтрин Кин өткен жылы шілде айында көз жұмды. Ол өз төсегінде ұйықтап жатып жан тапсырған. Анасы Маргарита Каммин Irish Mirror басылымына Кэтриннің өлімі жүрек ұстамасынан болғанын айтып, адамдарды кардиологқа жиі қаралуға шақырды. Кэтриннің вакцинация мәртебесі туралы анасы да, оның өзі де ештеңе айтпаған.
Кенеттен қайтыс болу синдромы ересектерде де болады. Әдетте, мұндай жағдайларда адамдарда жүрек-тамыр аурулары болады, бірақ олардың өзі бұл туралы білмейді, өйткені мамандандырылған тексерулерден өтпейді немесе белгілерін елемейді.
Кенеттен қайтыс болу синдромының статистикасына келетін болсақ, ол егу науқанына байланысты өзгермейді. Кенеттен қайтыс болу синдромы 30-40 жас аралығындағы адамдарда жиі кездеседі және ер адамдар арасында әйелдерге қарағанда екі есе жиі тіркеледі.
Вакцинацияға қарсы адамдар екпелер мен кенеттен қайтыс болу синдромының арасында байланыс бар деп бірнеше рет мәлімдеген. Бірақ осы тақырыпта жүргізілген көптеген ғылыми зерттеулер вакциналар мен осы аурудың арасында ешқандай байланыс жоқ екенін дәлелдейді. Барлық вакциналар пайдалануға жіберілмес бұрын мұқият клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан өтеді, оның барысында олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі расталады. 
Қорыта айтқанда, COVID-19 қарсы вакциналарға байланысты кенеттен қайтыс болу жағдайларының артқаны туралы хабарламалар негізсіз және фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button