Fake News

Фейк: «Лиссабон соты COVID-19-дан 152 адам ғана көз жұмды деп қаулы етті»

COVID-диссиденттер пандемия – қастандық, ал COVID-19 – жай суық тию екендігіне «дәлелдер» іздеуді жалғастыруда. Бұл жолы теорияны «растау» ретінде Лиссабон әкімшілік сотының шешімі ұсынылып отыр, онда елдің тек 152 азаматы ғана пандемия құрбаны болды деп айтылған. Бұл олай емес.


Telegram-арналарда жазылған қаулы баршаға қолжетімді.
Конспирологияны жақтаушылар өз идеяларын растау үшін пайдаланатын дәйексөз 13 беттің соңында жазылған.
– 2020 жылдан бастап 2021 жылға дейін Әділет министрлігінде жұмыс істейтін дәрігерлер 152 өлім туралы куәлік берді, онда өлім себебі ретінде COVID-19 көрсетілген», – делінген мәтінде.
Португалияда дәрігерлердің көбі Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істейді. Зорлық-зомбылық немесе белгісіз себептермен қайтыс болған жағдайда мәйітті тексеретін бірнеше дәрігер ғана Әділет министрлігінің қызметкерлері болып табылады. Осылайша, Португалияда берілген 17000 өлім туралы куәліктің көбіне Әділет министрлігінде емес, Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істейтін дәрігерлер қол қойған. Сот қаулысында әуелден өлім себебі белгісіз болған жағдайлар туралы айтылған.
Осылайша, Лиссабон әкімшілік сотының шешімі COVID-19 қауіпсіз ауру, ал пандемия – әлемдік қастандықтың нәтижесі екенін дәлелдемейді. Қаулыда елдің Әділет министрлігінде тікелей жұмыс істейтін бірқатар дәрігерлердің қорытындысы жайлы айтылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button