Fake News

Фейк:«Арктикада толған ай күн сәулесін бес секундқа толығымен жауып тастады»

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде қазақстандықтар аса ерекше құбылыстың видеосымен бөлісуде. Кадрларда көкжиектен көтерілген толған айдың аспанға көтеріліп, күнді жауып тастап, әлемде бір сәтте қараңғылық орнағаны көрсетілген. Бұл – монтаж.

 

Бұл видеоның Желіде тарағанына біраз болды. 2021 жылдың мамыр айында оны қауіпсіздік жөніндегі маман және HoaxEye фактчекинг жобасын жасаушы Янне Альберг жоққа шығарды. 
Оның айтуынша, бұл видео компьютерде қосылған CG/VFX визуалды эффектілерінің көмегімен жасалған.
Шынайы өмірде Жерде ауыр апаттар мен қираулар болмаса, соншалықты үлкен айды көру мүмкін емес.
Ғалымдардың пікірінше, Ай Жерге екі есе жақындаса да, бұл дүние жүзінде бұрын-соңды болмаған толқындар мен су тасқындарын тудырады. Айдың тартылыс күші жер бетіне де әсер етер еді – қатты жер сілкінісі мен жанартау атқылауы басталады.
Жерден ең үлкен айды жер серігі жерге ең аз қашықтықта жақындаған кезде супер ай деп аталатын кезеңдерде ғана көруге болады. Биыл бұл құбылыс 15 мамырдан 16 мамырға қараған түні болды. Оны Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка және Оңтүстік-Батыс Еуропа тұрғындары көре алды.
Демек, таратылған видео – фейк. Біріншіден, мамандар оның компьютерлік визуалды эффектілердің көмегімен жасалғанын анықтады. Екіншіден, егер Ай Жерге өте жақын болса, бұл ауқымы мен күші жағынан алапат апаттар тудыруы мүмкін.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button