Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар 2018 жылы дайын болған»

Кейбір Қазнет қолданушыларының пікірінше, COVID-19 қарсы вакциналар 2018 жылы дайын болған. Бұл пандемияның нақты аурудан туындамаған, ол алдын ала жоспарланған деген теорияны растайды. Бұған препарат қаптамасында басылған өндірілген күні «дәлел». Бұл жалған.


Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде AstraZeneca шығарған вакцина қаптамасының фотосуреті тарады, онда шығарылған күні 2018.07.15 деп жазылған. Бұл графикалық редакторда жасалған. Дәл осы фотосурет интернетте бұған дейін де болған. Вакцина қаптамасының түпнұсқа суретінде мерзім мүлдем көрсетілмеген.


Егер фейкке мұқият қарағанда, препараттың өндірілген күні қорапты жинаған кезде жазу ішіне кететіндей етіп жазылғаны байқалады. Оны компанияның логотипі мен препараттың атауы бар сыртқы беті жауып тастайды. Мұндай маңызды ақпаратты сатып алушының назары түспейтін жерде жазу мағынасыз.
Сонымен қатар, өндірушінің ресми сайтында АҚШ стандарттарына сәйкес, белгіленген бұл вакцинаның қаптамаларында өндірілген күні мүлдем жазылмайтындығы айтылған. Жарамдылық мерзімін қорапта көрсетілген лоттың нөмірі бойынша тексеру ұсынылады. Басқа елдердің стандарттары бойынша таңбаланған қаптамаларда препаратты пайдалану қажет болған күн ғана көрсетіледі. 
Демек, Желіде тараған фотосурет COVID-19 қарсы вакциналар пандемия басталғанға дейін дайын болғанын дәлелдемейді. Шығарылған күн фотосуретке графикалық редакторлардың көмегімен жазылған, вакцинаның түпнұсқа қаптамасында мұндай ақпарат жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button