Fake News

Фейк: «Егілген адамдардың балалары вакциналардың патент иелеріне тиесілі»

Пайдаланушылар Telegram арналарында егілген ата-аналардың балалары COVID-19 қарсы вакциналардың патент иелерінің меншігі деп жазды. Бұл тұжырымды талдап, оның неге дұрыс емес екенін түсіндірейік.

Бұл хабарламада Myriad Genetics Inc-ке қарсы Молекулалық патология қауымдастығының ісі бойынша АҚШ Жоғарғы сотының шешімі туралы айтылады. Сот ісінің мәні адам гендерін патенттеу мүмкіндігі мәселесі болды.
Сот қаулысы ашық түрде жарияланды және онымен кез келген адам таныса алады.
Онда былай делінген: «Біз кездесетін табиғи ДНҚ тізбегі табиғаттың өнімі деп санаймыз және олар алынғандықтан патенттелмейді. Бірақ қосымша ДНҚ патенттелуі мүмкін, өйткені оны табиғат жаратпаған».
Қосымша ДНҚ немесе кДНК – бұл ДНҚ-ны кері транскриптаза арқылы синтездеуге қызмет ететін түтікшеде алынған РНҚ.
COVID-19-ға қарсы бірде-бір вакцинада кДНҚ жоқ. Бұған вакциналардың құрамымен танысу арқылы көз жеткізуге болады. 
Сонымен қатар Myriad Genetics Inc компаниясы COVID-19 қарсы вакциналарды әзірлеумен айналыспайды. Тиісінше, осы компанияға қатысты шығарылған сот шешімі вакцинациямен байланысты емес.

Патенттелген вакцинацияланған адамдар туралы теориялар вакциналар адамның ДНҚ-ны қандай-да бір жолмен өзгертеді деген конспирологиялық идеяға негізделген. Бұл шындыққа жанаспайды. ДНҚ молекулалары жасуша ядроларында орналасқан. Вакцинаның компоненттері онда ене алмайды. Сонымен қатар мРНҚ негізінде жасалған COVID-19-ға қарсы кейбір вакциналар ДНҚ-ға ене алмайды және оған әсер етпейді.
Қорыта айтқанда, егілген ата–аналар мен олардың балаларын патенттеу мүмкіндігі туралы таратылған хабарлама – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button