Фейк: «Маймыл шешек ауруын қолма-қол ақшаны жою үшін әдейі таратты»
Instagram-да әлемдік көшбасшылар дүниежүзіндегі қолма-қол ақшаны толығымен құрту үшін маймыл шешек ауруы ошағын ұйымдастырған деген ақпарат шықты. Пост авторының пайымдауынша, жақын арада аурудың қолма-қол ақша арқылы таралады және олардан құтылу қажет деп мәлімдеме жасалады. Бұл олай емес.
Маймыл шешек ауруы – адамдарға 1958 жылдан бері белгілі ауру.Дерттің қоздырғышы, белгілері, ағымы және берілу жолдары зерттелген.
Ауру ортопоксвирустар тобына жататын маймыл шешек вирусын жұқтырудың нәтижесіндедаммиды. Ол көбінесе жануарлардан биологиялық сұйықтықтармен, соның ішінде сілекей, мұрын секрециясы және жара экссудатымен байланыс арқылы беріледі. Сондай-ақ, ауру адамнан адамға ауа тамшы жолдары арқылы берілуі ықтимал, бірақ бұл ұзақ және тығыз байланыс нәтижесінде болады.
Маймыл шешек вирусының тұрмыстық жолмен, яғни тұрмыстық заттар, соның ішінде қолма-қол ақша арқылы жұғатыны туралы ақпарат жоқ. Ғалымдар жаңа, мұқият зерттеулер жүргізіп, маймыл шешек вирусы біраз уақыт қолма-қол ақшада сақталуы мүмкін екенін дәлелдесе де, бұл олардан толықтай бас тартуға әкеп соқпайды. 2020 жылы COVID-19 пандемиясының ортасында ғалымдар бұл ауруды тудыратын SARS-CoV-2 коронавирусы банкноттардың бетіндегі ылғал тамшыларында сақталатындығын анықтады. Бұл қолма-қол ақшаны жоюға әкелмегені анық. Оның орнына Арменияда билік біртіндеп ескі вексельдерден құтылып, жаңаларын шығару туралы шешім қабылдады, ал АҚШ-та Азиядан келетін банкноттар 7 немесе 10 күнге карантинге алынды. Оңтүстік Корея мен Венгрияда вексельдер арнайы пеште зарарсыздандырылды.
Қолма-қол ақшаны алып тастау туралы теориясның өзі БҰҰ орнатпақ болған жаңа әлемдік тәртіп туралы қастандық идеясының бір бөлігі болып табылады. Бұған дейін біз оны жоққа шығарғанболатынбыз. Бұл теория жоқ құжатқа негізделген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қастандық теориясын жақтаушылар COVID-19 пандемиясы әлемнің бүкіл қаржы жүйесін жою және цифрлық ақшаға көшу мақсатында қолдан жасалды деп мәлімдеді. Бұған ешқандай дәлел болған жоқ, ал теорияға негіз болған логика айтарлықтай сәтсіздіктерге ұшырады.
Фейк: «Пандемия әлемдік қаржы жүйесін жойып, жалпы бақылау орнату үшін ұйымдастырылды»