Fake News

Фейк: «Егде жастағы адамдар арасында COVID-19-дан болатын өлім қаупі 1 де 300 000 тең»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда доктор Роджер Ходкинсонның сөзі тарйды. Оның айтуынша, COVID-19 – бұл өтірік, бұқаралық ақпарат құралдары әдейі жаппай дүрліктіруде, сондай-ақ қарт адамдар арасында бұл аурудың салдарынан қайтыс болу ықтималдығы 1 де 300 000 тең. Мұның бәрі өтірік.

Доктор Ходкинсон пандемияның ойдан шығарылғаны туралы 2020 жылдың желтоқсанында айтқан болатын. Сол кездің өзінде COVID-19 салдарынан жүздеген мың адам көз жұмған еді.

Ауру салдарынан қайтыс болған науқастардың көбі 65 жастан асқандар. 2020 жылдың қараша айында егде жастағы адамдарда ауру ауыр өтіп, өлім қаупі бар екенін растайтын зерттеулер жүргізілген.

2021 жылдың желтоқсанында АҚШ-та COVID-19 салдарынан 65 жастан асқан әрбір жүзінші науқас қайтыс болғаны белгілі болды. 

Аурудың шынайы және жаппай дүрлігудің нәтижесі емес екендігіне күмән жоқ. Оның қоздырғышы – SARS-CoV-2 коронавирусы оқшауланып, геномы толығымен ашылды.

Associated Press порталының фактчекерлері де доктор Ходкинсонның пандемия – өтірік деп мәлімдеп, көпшілікті адастырғысы келетінін атап өтті. Ол Канада корольдік дәрігерлер мен хирургтар колледжінің төрағасы болғанын айтқан, бірақ бұл лауазымды ешқашан атқарған емес. Сондай-ақ, ол Желіде ПТР тесттерін сататын компаниясы бар екендігін хабарлаған. Фактчекерлер доктор Ходкинсон мәлімдеген бизнестің ресми түрде бар екенін анықтады, алайда компания тіркелген мекен жайда көп қабатты тұрғын үй орналасқан.

Демек, доктор Ходкинстің тұжырымдары негізсіз және ғылыми фактілерге қайшы келеді. Ол түрлі лауазымдарды атқардым деп оқырмандарды адастырған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button