Фейк: «Маймыл шешегінің өршуі маймылдар мекендемейтін АҚШ-та басталды»
Telegram чаттарға қатысушылар парадокс жағдайды атап көрсетті. Таратылған хабарламада маймыл шешегінің өршуі маймылдар мекендейтін Африкада немесе Үндістанда емес, олар тіршілік етепйтін АҚШ-та басталғаны айтылған. Бұл тұжырым дұрыс емес, неге екенін айтып берейік.
Маймыл шешек ауруы жағдайында инфекцияны тасымалдаушы маймылдар емес. Ауру алғаш рет приматтан табылып, диагноз қойылғандықтан осылай аталып кетті. Алайда, зерттеулерден кейін ғалымдар вирусты көп жағдайда кеміргіштер тасымалдайтынын анықтады. Кеміргіштер Жер шарының кез-келген нүктесінде кездесетінін ескерсек, маймылдар жоқ жерлерде маймыл шешегінің пайда болуы ерекшелік емес.
2022 жылы АҚШ-та маймыл шешегінің өршуі басталды деген тұжырым мүлдем дұрыс емес. Осы жылдың мамыр айында ғалымдар вирустың таралуын сараптап, геномдық зерттеу жүргізіп, 2022 жылы маймыл шешекпен ауырған алғашқы науқас оны Нигерияға сапар шеккен кезде жұқтырды деген қорытындыға келді. Яғни, эндемикалық емес елдерде аурудың өршуі бір адам маймыл шешегі бар ел – Нигерияға барғаннан кейін басталды. Онда 2017 жылдан 2022 жылға дейін аурудың 247 жағдайы тіркелген.
Мұның бәрі маймыл шешегінің өршуінде парадокс жоқ екенін дәлелдейді. Әдетте, ауруды маймылдар емес, кеміргіштер таратады және ауру ошағы сырқаттанған алғашқы науқас Нигерияға барғаннан кейін басталды.