Фейк: «Ғалымдар егер вакцинадан инсульт немесе инфаркт болса, бұл оның сізді COVID-19-дан қорғағанының белгісі деп мәлімдеді»
Желі қолданушылары 2022 жылдың қазан айында жарияланған жаңа зерттеуді талқылауда. Онда COVID-19 қарсы вакцина науқаста ауыр жанама әсерлер тудырса немесе өлімге әкелсе, бұл оның аурудан қорғауды жақсы қамтамасыз еткенінің белгісі делінген екен. Бұл өтірік.
Аталған зерттеуді Желіде оңай табуға болады. Еңбектің толық мәтіні баршаға қол жетімді.
Ол «SARS-CoV-2-ге қарсы антиденелер реакциясы бар COVID-19 қарсы вакцинациядан кейінгі симптомдар қауымдастығы» деп аталады. Атауынан көрініп тұрғандай, авторлар вакциналарға жағымсыз реакциялардың болуы мен ауырлығын және қалыптасқан коронавирус антиденелерінің деңгейін зерттеді. Олар 928 пациенттің деректерін зерттей отырып, жағымсыз реакция болмағандарға қарағанда вакцинациядан кейін температурасы көтерілген, екпе жасалған орынның ауырсынуы, әлсіздік, бұлшықеттің ауырсынуы және басқа да жергілікті белгілер байқалған адамдарда вирустың антиденелер көп болды деген қорытындыға келді.
Зерттеуде инфаркт, инсульт, репродуктивті бұзылулар және өлім туралы айтылмайды.
Сонымен қатар COVID-19 қарсы вакциналар репродуктивті жүйеге және ерлер мен әйелдердің фертильділігіне теріс әсер етпейтіні тәжірибемен дәлелденген.
Сондай-ақ вакцинацияланған адамдарда инсульт қаупі вакцина алмағандарға қарағанда жоғары емес екенін дәлелдейтін зерттеулер бар.
Рецензияланған ғылыми басылымдар да COVID-19 қарсы вакцина мен инфаркт арасында байланыс жоқ екенін дәлелдейді.
Демек, таралған ақпарат фейк және ашық көздерден алынған ғылыми деректермен манипуляциялау болып табылады. Аталған отырған зерттеуде инфаркт пен инсульт туралы ештеңе жазылмаған. Оның үстіне COVID-19 қарсы екпелердің бұл жағдайларға әкелмейтіні дәлелденген.