Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар балаларда аутизм мен шизофрения тудырады»
Қазнет пайдаланушылары COVID-19-ға қарсы вакциналар балаларда аутизм мен шизофрения тудырады деп жазуда. Бұл өтірік. Неге екенін түсіндірейік.
Аутизмнен бастайық. Бұл – туа біткен ауру. Оны вакциналар қоздырады деген миф 1998 жылы пайда болды. Ол кезде Эндрю Уэйкфилд екпелердің аутизммен байланысын дәлелдейтін зерттеуін жариялады. Көп ұзамай кемшіліктер мен фактілердің бұрмалану фактілері анықталғандықтан, еңбек кері қайтарылды.
Содан бері вакциналардың аутизммен ешқандай байланысы жоқ екендігі ғылыми дәлелденді. Егілмеген балалар арасында бұл аурумен ауыратын балалардың саны вакцинацияланғандарға қарағанда жоғары емес.
Шизофренияның да вакцинациямен байланысы жоқ. Сарапшылардың пікірінше, аурудың туындауына бірқатар жағдайдың жиынтығы себеп болады. Олардың ішінде генетика, қоршаған орта, психологиялық бейімділік, стресс және т. б. бар.
Шизофрения диагнозы көбінесе жасөспірім кезде қойылады. Бұл ретте ер адамдарда белгілері ертерек пайда болады. Шизофрениямен ауыратын адамдарда вакциналармен байланыс анықталған жоқ.
COVID-19 қарсы вакциналар шизофренияның және балаларда аутизмнің дамуына әкеледі деген пікірлер дәлелсіз.