Fake News

ҚР Ұлттық Банкі қолма-қол ақша алуға қойылған шектеулер туралы тараған қауесетке қатысты пікрін білдірді

Қазақстандықтар Желіде екінші деңгейдегі банктердің банкоматтары мен бөлімшелерінде теңге мен долларды қолма-қол алу кезінде қиындықтарға тап болып жатқандары туралы жазуда. ҚР Ұлттық Банкі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

– Айырбастау пункттері мен екінші деңгейдегі банктерде долларды қолма-қол ақшамен сатуға немесе беруге қойылған шектеулерге қатысты өтініштердің көбеюіне байланысты Ұлттық Банк Қазақстан Республикасында шетел валютасындағы операцияларды шектеу туралы қаулылар немесе өзге де заңға тәуелді актілер қабылдамағанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, қолма-қол шетел валютасын беруде туындаған қиындықтар, бірінші кезекте, халық тарапынан сұраныстың артуынан, сондай-ақ шиеленіскен геосаяси жағдай аясында Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізудегі логистикалық қиындықтардан туындап отырғанын атап өтеміз. Осы жағдайды ескере отырып, Ұлттық Банк Федералды резервтік жүйе – АҚШ Орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін белсенді түрде пысықтауда. Сондай-ақ долларлық қолма-қол ақшаны уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін көлік компанияларымен барлық қажетті келісімдер бар екенін хабарлаймыз, – деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Елімізде екінші деңгейдегі банктерде де теңгені қолма-қол ақшамен алуға қатысты проблемалар жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button