Атырауда соңынан қара түтін будақтаған ұшаққа қатысты жағдай түсіндірілді
Авиация мамандары бұл жөнінде өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникация қызметі.
Әлеуметтік желілерде Атырау әуежайынан әуе кемесінің көкке ұшып бара жатқан бейне түсірілімі пайда болды. Бейнеде ұшақтың соңынан қара түтін будақтап бара жатқаны байқалады. Жергілікті әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Кимнің айтуынша, кеше әуежайдан түстен кейін АН-12 жүк ұшағы ұшып кеткен.
– Ұшу режимі кезінде қоспаның әдеттегі байытылуы жүзеге асады, қазіргі кезде оларда газдың шығуы орын алды, басқаша айтқанда қоспаның шығарындысы болды. Бұл қалыпты жағдай. Кеңес уақытында өндірілген барлық дерлік ұшақтар осындай әсер береді. Ұшақ биіктікке көтеріліп, номиналды режимге ие болғаннан кейін, қара түтін жоғалады. Сондықтан алаңдаушылық тудыруға себеп жоқ, – деді Андрей Ким.