Fake News

Дәлелсіз: «Маймыл шешек ауруының өршуі – Ухань зертханасынан шығарылуының нәтижесі»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың қатысушыларының пікірінше, бүгінде әлемде тіркеліп жатқан маймыл шешек ауруының өршуі вирустың Уханьдағы биозертханадан шығарылуының нәтижесінде болған. Бұл теорияны талдап, неге оның негізсіз екендігін түсіндіріп берейік.


Пайдаланушылар бұл теорияның дәлелі ретінде биыл ақпан айында Virologica Sinica журналында жарияланған ғылыми жұмысты келтіріп отыр. Мақала «Маймыл шешек вирусы геномының басым бөлігін сандық ПТР үшін матрица ретінде, қосарланған іріктеу негізінде трансформациямен байланысты рекомбинацияны қолдана отырып тиімді құрастыру» деп аталады. Бұл маймыл шешек вирусын ПТР талдауы арқылы анықтауға болатындай етіп өзгерту туралы.
Бұл тәжірибе кезінде вирустың сыртқа тарап кетуі мүмкін деген теорияны британдық The Spectator порталы жоққа шығарды. Тәуелсіз MediaBias-FactCheck БАҚ адалдығын тексеру қызметінің мәліметінше, оло сенімді ақпарат көзі болып табылады.
The Spectator-да жарияланған мақалада Уханьда ғалымдар алған маймыл шешек вирусының ДНҚ фрагментінің кішкентай болғаны сонша, ол патогендік геномның үштен бір бөлігінен де аз болды. Сондықтан, ол сыртқа тарап кетсе де, ауру ошағын тудырмайтыны сөзсіз. 
Сонымен қатар, егер патоген сыртқа тарап кетсе, онда алғашқы маймыл шешек жұқтырғандар Еуропада емес, Қытайда анықталатын еді. Алайда, бүгінгі таңда Қытайда бұл ауруды жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. 
Демек, Уханьдағы зертханадан патогеннің сыртқа тарап кетуі нәтижесінде аурудың басталуы екіталай және негізсіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button