Дәлелсіз: «Орталық барлау қызметінің құжаты әлемнің голограмма екенін растайды»
Қазнетте бүкіл әлем – бұл голограмма деген ақпарат таратылуда. Қастандық теорияларын жақтаушылар Орталық барлау қызметінің 1983 жылғы Gateway Experience деп аталатын саяхаттарды зерттеу жөніндегі тәжірибесі туралы есепті көріп, осындай қорытындыға келген. Тәжірибенің мәні неде екенін және оның ғылыми тұрғыдан қаншалықты негізделгенін түсіндіріп өтейік.
Қазақстандықтардың талқысына түскен құжат ОБҚ ресми сайтында жарияланған. Бұрын файл құпия болған, бірақ 2003 жылы құпиялылық белгісі алынып тасталды, ал 2021 жылдың ақпан айында құжат желіде тарай бастады. Адамдардың көбі онда сипатталған тәжірибелерді үйде қайталауға тырысқан.
Бұл есепті АҚШ әскерінің подполковнигі Уэйн М. Макдоннелл және Роберт Монро институтының мамандары жасаған. Зерттеудің мәні адам миының жарты шарларының жұмысын үйлестіретін және оған бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер бере алатын арнайы дыбыстардың көмегімен уақыт пен кеңістіктегі саяхаттар болды. Сондай-ақ, еңбекте біздің әлем голограмма деген теория сипатталған және дұрыс ойлау арқылы ғана табысты және бай бола аламыз.
Зерттеу тақырыбы мен ондағы тезистер күлкілі, сондықтан ОБҚ мұндай тәжірибелер жүргізгеніне сену деқиын. Алайда, қырғи-қабақ соғыс кезінде сол замандағы екі держава АҚШ пен КСРО-ның үстемдік етуге ұмтылғанын түсінуіміз керек. Ол үшін АҚШ-та да, КСРО-да да түрлі паранормальды құбылыстардың құпия сынақтары жүргізілді. Екі ел де медиуамдар мен көріпкелдерді зерттеп, солардың көмегімен қару-жараққа және паранормальды басқа салаларға енгізу үшін барлау жүргізіп, энергия мен өрістерді бағыттауға тырысты.
Қазір Желі қолданушылары талқылап жатқан Gateway Experience жобасы осындай зерттеулердің бір бөлігі болған. Ол 1978 жылдан 1995 жылға дейін жалғасқан «Жұлдызды қақпа» (Stargate) ауқымды жобасына енген. Жобаға қатысушылар әлемнің басқа нүктелерінде болып жатқан оқиғаларды көре білу, уақытпен саяхаттау, ойларды оқу және т.б. сияқты паранормальды қабілеттерді зерттеді.
Зерттеулер басталғаннан кейін 17 жыл өткен соң, мамандар ешқандай жаңалықтар ашпағанын және ғылыми жетістіктерге қол жеткізе алмағандығын мойындауға мәжбүр болды. Жобаның жетістіктеріне баға берген докторлар Майкл Д. Мумфорд, Эндрю М. Роуз және Дэвид А. Гослин өз есебінде Stargate жобасы ОБҚ-нің ешбір нақты операциясы пайдалы болмады және релевантты емес, қате деректерді қамтыды деген қорытынды шығарды.
Gateway Experience зерттеу жобасына қатысты да осындай тұжырым жасауға болады. Осы уақытқа дейін ғылымда ондағы қорытындыларға растауларды да, жоба үшін кейбір іргелі тұжырымдамалардың барын да анықтай алмады. Мысалы, уақыт пен кеңістікте ақыл-ой көмегімен саяхаттау механизмі ғаламда ақ тесіктер бар деген тұжырымнан тұратын модель арқылы сипатталады. Алайда ғалымдар әлі күнге дейін олардың ғарышта бар екендігіне ешқандай дәлелдер таппады.
Ғылыми журналист Том Хейлдің пікірінше, штаттан тыс саяхаттарды зерттеу туралы есепті маңызды ғылыми жұмыс деп санауға болмайды.
– Әрине, құжат оқу үшін қызықты, бірақ ғылыми тілмен жазылғанына және концепциясына қарамастан оны ғылыми деп қарастыруға болмайды. Есепте ұсынылған көптеген идеялар нақты ғылыми зерттеулерден алынған, бірақ егер біріктірген жағдайда, оларды тексеру мүмкін емес. Сондай-ақ, бір-бірімен байланысты көптеген күмәнді теориялар мен логикалық секірістер бар», – деп жазды ол IFL Science порталына арналған мақаласында.
Демек, ОБҚ-нің құжаты бәріміздің бір үлкен голограммада өмір сүріп жатқанымызды дәлелдеді деген пікірлер негізсіз.