Fake News

Фейк: «Айқын белгілері бар адамда COVID-19 талдауы теріс болуы бұл аурудың ойдан шығарылғандығының белгісі»

Желіде канадалық GlobalNews порталының мақаласынан үзінді тарады. Онда адамның бойында COVID-19-дың айқын белгілері болса да, тест нәтижесі теріс болып шығуы мүмкін деп айтылады. Бұл нені білдіреді және неге бұл COVID-19 ойдан шығарылған ауру деген болжамды дәлелдемейтінін түсіндіп өтейік.

Қазнетте үзіндісі тараған мақала GlobalNews порталында 8 сәуірде жарық көрген. Онда КВИ белгілері бар адамдар да бұл ауруға тапсырған талдау нәтижесі теріс болуы мүмкін екендігі айтылғаны рас. Алайда, мәтінде үй жағдайында жасалатын антигендерге арналған жедел сынақтар туралы жазылған. Материалда зертханаларда жүргізілген ПТР талдаулары туралы сөз жоқ.

Жедел тесттің теріс нәтиже беруінің екі негізгі себебі бар. Біріншісі – биоматериалдың дұрыс алынбауы, яғни мұрын мен жұтқыншақтан жақпа алғаннан кейін, стикте вирус бөлшектерінің жеткіліксіз болуы. Екіншісі – аурудың тым кеш немесе тым ерте кезеңі.

Бірақ бұл COVID-19 – ойдан шығарылған ауру дегенді білдірмейді. SARS-CoV-2 коронавирусы, оның қоздырғышы нақты бар. Ол Кох постулаттарына сәйкес бөлініп алынды.

Оның ашылған геномын Желіден оңай табуға болады.

Жалпы, әлемде 502 183 334 адам COVID-19-бен ауырған. Ауру салдарынан 6 214 490 адам қайтыс болды.

Демек, таралып отырған мақаланың бір бөлігі контекстен үзіп алынған және оқырманды адастырады. Материалдың толық нұсқасында антигенге арналған жедел сынақтар туралы ғана айтылады және COVID-19 ойдан шығарылған ауру болуы мүмкін екендігі жайлы ешқандай мәлімет жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button