Fake News

Фейк: «Вакцинаның жанама әсерлері олардың тиімсіздігін көрсетеді»

Әлеуметтік желілерде дәрігер Софья Науменконың сөзі тарады. Оның айтуынша, COVID-19 қарсы вакциналар ауру белгілерін тудыруы мүмкін, бұл дәрі-дәрмектің тиімділігінің төмен және олардың ықтимал қауіпті екендігін білдіреді. Бұл пікір дұрыс емес, себебін түсіндірейік.

Науменконың мәлімдемесі ұсынылған жаңалық әуелі Царьград порталында жарияланды.
Мәтінде София Науменко «COVID-19 қарсы вакцинаның Ресейдегі медициналық, ұйымдастырушылық және саяси ерекшеліктері» конференциясында КВИ вакциналарының тиімсіздігі туралы мәлімдегені айтылған. Regnum басылымы бұл шараға негізінен вакцинаға қарсы адамдардың қатысқанын жазды. Олар өз сөздерінде Билл Гейтс пен оның халықты қысқарту жоспарлары жайлы айтқан. Алайда, филантроп әлем халқының көп бөлігін КВИ қарсы вакциналармен өлтіруге тырысуда деген теория қастандық теория болып табылады және бұған ешқандай дәлел жоқ.
София Науменконың КВИ қарсы вакциналар ауру белгілерін тудырады деген сөздері ресми мәліметтерге қайшы келеді.
КВИ қарсы вакцинация нәтижесінде инъекция орнындағы ісіну, температураның жоғарылауы, бас ауруы, бұлшықет ауруы, бас айналу, әлсіздік, құсу сияқты жағымсыз салдар болуы мүмкін. Өте сирек жағдайларда вакцина компоненттеріне аллергиясы бар адамдарда анафилактикалық шок болуы ықтимал. Сондай-ақ, вакцинацияланған адамдарда миокардит және перикардит орын алған жағдайлар туралы хабарланды. Мұндай жанама әсер өте сирек дамиды және әдетте біраз уақыттан кейін толығымен басылады, оның ешқандай салдары болмайды. 
Салдар мен жанама әсерлердің болуы препараттардың тиімсіздігінің белгісі емес.
Мысалы, инъекция орнындағы ауырсыну, қызудың көтерілуі, әлсіздік, құсу және басқа да ауыр емес салдар иммундық жүйе өз жұмысын бастағанын және адам вакцина алған ауруға антиденелердің сәтті қалыптасуын көрсетеді. 
Айта кетейік, вакцинацияның жағымсыз әсерлері COVID-19 белгілеріне ұқсамайды. Вакцинациядан кейін, мысалы, ентігу, өкпенің зақымдануы орын алмайды, иіс пен дәм сезу қабілеті жоғалмайды.
COVID-19 қарсы вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулермен дәлелденген.
Вакциналар клиникалық сынақтардан өтіп, әлемдегі адамдар үшін қол жетімді болғаннан кейін олардың тиімділігін зерттеу тоқтамайды.
Зерттеулер әлемнің әртүрлі елдерінде жетекші ғалымдардың жетекшілігімен өткізіледі. Олардың барлығы әзірлеушілердің КВИ қарсы иммундаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы алғашқы тұжырымдарды растайды.
Қорыта айтқанда, София Науменконың сөздерін дұрыс деп санауға болмайды. Біріншіден, ол вакцинаның тиімділігін анықтау үшін ғылыми зерттеулер жүргізген жоқ, екіншіден, ол айтқан ақпарат ресми мәліметтерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button