Fake News

Жалған: «COVID-19 қарсы вакциналар клиникалық сынақтан өтпеген»

Әлеуметтік желілерде ресейлік заңгер Александр Саверскийдің сөзі талқылануда. Оның айтуынша, COVID-19 қарсы вакциналарды сынау аяқталмаған, сондықтан олар қолданылмауы керек. Бұл ақпаратқа сенбеген жөн.

«Пациенттер лигасының» президенті Александр Саверский Желіде COVID-19 пандемиясы туралы ғылымға қарсы мәлімдемелерімен бірнеше рет байқалған. Ол үкіметке ковидке қарсы барлық шектеулерді алып тастау туралы өтініштер. Коронавирустық инфекцияны қауіпті аурулар тізімінен шығару үшін бірнеше рет сотқа жүгінген.

Саверскийдің айтуынша, COVID-19 емдеуге арналған препараттар мен вакцинация аурудан бұры өлімге жиі әкеледі. Бұл ретте оның медициналық білімі жоқ екенін атап өткен жөн. Мамандығы бойынша Александр Саверский заңгер және инженер-экономист.

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар клиникалық сынақтардан өтпегені туралы ол «Медздрав.Инфо» басылымына берген сұхбатында айтқан. Бұл медициналық басылым емес, «Дзен» блог-платформасындағы арна. Онда кез келген адам өз пікірлерін білдіре алады. Оның ішінде вакцинацияны жақтаушылар да, ковид-диссиденттер де бар.

COVID-19 қарсы вакциналар клиникалық сынақтан өтпеген дей келе, Саверский пайдаланушыларды шатастырады. ClinicalTrials.gov порталында әлемнің түкпір-түкпірінен дәрі-дәрмектерге арналған бақыланатын клиникалық зерттеулердің көп бөлігі жарияланады. Іздеу жолына «вакцина» немесе «бустер» деп теріп, жүзден астам нәтиже алуға болады.

Иә, COVID-19 қарсы вакциналардың клиникалық зерттеулері әдеттегіден жылдам жүргізілді. Бұл әлемде аурудың тез таралуымен байланысты болды. Дегенмен, бірде бір кезеңі өткізілмей қалған жоқ және сынақтарға кез келген басқа вакцинаға сияқты қатаң нормативтік талаптар қойылды.

Pfizer зерттеуіне әлем бойынша 45 мыңнан астам адам қатысты, ал AstraZeneca вакцинасы 23 мыңнан астам еріктілерде сыналды.

Барлық вакциналар клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар циклінен өтеді. Бұл COVID-19 қарсы егуге де қатысты. Демек, Александр Саверскийдің сөзі жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button