Fake News

Фейк: «Pfizer құжаттарынан вакцина алған 270 жүкті әйел туралы мәліметтер жоғалып кетті»

Вакцинацияға қарсы адамдар Pfizer құжаттарынан вакцинаны сынау б жүкті болған 270 әйел туралы мәліметтер белгісіз жағдайда жоғалып кетті деп жазды. Пайдаланушылардың пікірінше, бұл деректерді жасырудың және вакциналардың қауіпті екендігінің белгісі. Іс жүзінде бұл олай емес.


Алдымен бұл құжат клиникалық сынақтар туралы есеп емес екенін атап өткеніміз жөн. Бұл –АҚШ-тың Дәрі-дәрмек жөніндегі федералдық басқармасына биологиялық лицензия алу үшін берілген өтінім. Биологиялық лицензия – әр түрлі штаттарда жаңа биологиялық өнімді енгізуге немесе таратуға рұқсат беру.
Өтінімде VAERS және Yellow Card сияқты АҚШ пен Ұлыбританияның ашық жүйелерінен алынған вакцинациядан кейінгі жағымсыз әсерлер мен жағымсыз реакциялар туралы деректер қамтылған. Олардың ерекшелігі – өтінішті кез келген адам растау құжаттарынсыз немесе мамандардың қорытындыларынсыз қалдыра алатындығында.
Оған 2020 жылғы 1 желтоқсан мен 2021 жылғы 28 ақпан аралығындағы кезеңде аталған платформаларда жиналған деректер енген. Өтінімде еш жерде осы уақыт аралығында вакцина алған адамдардың жалпы саны көрсетілмегенін атап өткен жөн.
Онда бұл кезеңде жүкті бола тұра вакцина алған әйелдерден 270 жағымсыз реакция туралы ақпарат келіп түскені ғана айтылған. Кейбір жағдайларда жүктілік сәтсіз аяқталған. Айта кетейік, дәрігерлер де, әйелдердің өздері де бұл жағдай вакцина салдарынан болды деп мәлімдемеген, өйткені түсік тастауға басқа да фқтимал себептер болған.
Өтінімде басқа жүктілік жағдайларының қалай аяқталғаны туралы ештеңе жазылмаған. Сондықтан пайдаланушылар деректер жасырылған деп ойлайды.
Шын мәнінде, Техас университетінің Оңтүстік-батыс медициналық орталығындағы Ана мен бала медицинасы кафедрасының доценті Эмили Адхикаридің айтуынша, құжат әзірленіп жатқанда әйелдер әлі босанбағандықтан, мамандар жүктіліктің нәтижесін сипаттай алмаған.
Оның үстіне, 270 – бұл бала көтерген вакцинацияланған әйелдердің жалпы санының аз ғана бөлігі. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша, АҚШ-та 2021 жылдың 16 ақпанында кем дегенде 34 494 жүкті әйел вакцина салдырған.
Демек, Pfizer жүкті әйелдерге арналған вакцинаның зияны туралы мәліметтерді жасырады деген ақпарат – фейк. Құжатты әзірлеу барысында әйелдер әлі босанбағандықтан бұл деректер оған енбеген және балалардың туылуы мен аналардың жағдайын сипаттау мүмкін болмаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button