Fake News

Дәлелсіз: «NASA аппараттары Марста мүлдем болмаған»

Қастандық теорияларын жақтаушылар жақында жарияланған Perseverance марсоходы қызыл планетада түсірген кадрлардың фейк болу ықтималдығын талқылауда. Кейбіреулерінің пайымдауынша, видео және фото Жер бетінде, Девон аралында түсірілген.

Үстіміздегі жылдың 18 ақпанында Perseverance 18 марсоходы Марсқа қонды. Оның камераларының көмегімен қызыл планетаның панорамалық суреттері мен дыбыстары бар алғашқы бейне түсірілді. 

Фото mars.nasa.gov

Алайда, ландшафттар кейбір желі пайдаланушыларына жердегіге тым ұқсас болып көрінді. Олар өз теорияларын алға тартты. Оған сәйкес, Марстың кадрлары Канададағы Девон аралында түсірілген. Бұған дәлел ретінде қастандық теориясын жақтаушылар жер бетіндегі ландшафттар жерден тыс жерлерді дәл қайталайтын суреттерді келтіреді.
Бірақ бұл дәлелдер сын көтермейді. Біріншіден, Жер бетінде түсірілген бірдей фотосуреттерге «Девон аралы» немесе «Гренландия» деп жазылған. Екіншіден, осы хабарламаларда қолданылған және Марс бейнеленген салыстырмалы суреттердің шығуы расталмаған. NASA-ның ресми сайтында жарияланбаған. Сонымен қатар, кейбір «марстық» фотосуреттердің жалған екендігі айқын: қызыл-қызғылт сары фильтр арқылы қызыл планетада жоқ және болуы мүмкін емес өсімдіктерді көруге болады. 
Айта кетейік, Девон аралының пейзаждары, шынымен, ерекше. Солтүстіктегі елсіз аралды NASA мамандары жаттығу базасы ретінде пайдаланады екен. Бұл туралы БАҚ бірнеше рет жазған.

Тренировочный лагерь NASA на острове Девон

Марсты игеру бағдарламасы өткен ғасырдың 1970 жылдарында басталды. Содан бері жерге жақын планетаға бірнеше марсоход қонды. Құрылғылар оны суретке түсіріп, топырақ үлгілерін алды. Әр марсоходтың ұшырылуы бүкіл әлемнің назарын аударады. Суреттер мен үлгілерді зерттеу туралы есептер жарияланып, көпшілікке қолжетімді. NASA Жер бетіндегі елсіз аралды басқа планета деп ұсыну арқылы бүкіл әлемді алдап отыр деуге негіз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button