Fake News

Фейк: «Мұрынға тамызатын COVID-19 қарсы вакцинаны ұшақтардан шашады»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың бірінде аспандағы инверсиялық іздердің фотосуреттері таратылуда. Онда «бұл адамдарда сынала бастаған мұрынға тамызатын COVID-19-ға қарсы вакцинаны шашудың іздері» деп жазылған. Бұл жалған.

COVID-19-ға қарсы мұрынға арналған вакциналарды Ресейде екі компания әзірлеп жатыр: Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми зерттеу орталығы және «Генериум». Алайда, екі препарат та әлі де еріктілерде сынау сатысында және жаппай өндіріске шығарылған жоқ.
Сонымен қатар, оларды ұшақтардан шашу мағынасыз, өйткені COVID-19-ға қарсы мұрынға тамызатын вакцина екі компонентті болады және оны басқа спрейлерді қолданған кездегідей, мұрын қуысына бүрку керек. Мұндай вакцинаның бір дозасын бустерлік, үшінші доза ретінде, басқа препаратпен егілгеннен кейін ғана пайдалануға жол https://ria.ru/20220116/komponenty-1768047756.html, https://tass.ru/obschestvo/13602763
Өндірушілер препараттың құрамында көбейетін тірі вирус жоқ және клиникалық зерттеулерге қатысушылар мұндай вакцинаны ешқандай асқынусыз жеңіл көтереді деп мәлімдеді. 
Оны ұшақтардан шашуы мүмкін деген теория толығымен негізсіз және мағынасыз. Ол химтрейлдер туралы конспирологиялық теорияға негізделген. Оны жақтаушылар ұшып бара жатқан ұшақтар улы химикаттар шашып, адамдарды ауруға шалдықтырады және өлтіреді деп ойлайды. Шын мәнінде, бұл теорияның дәлелі жоқ.
Ұшып өткен ұшақтан кейін аспанда қалатын іздер инверсиялық іздер деп аталады және қауіпті химикаттардан емес, су тамшылары мен мұз кристалдарынан тұрады. Олардың пішіні әртүрлі болады және әртүрлі уақыт аралығында көрінеді. Бұл ауа райы жағдайына және әуе кемесі ұшып өткен биіктікке байланысты.
Осылайша, ұшақтар аспанда мұрынға тамызатын COVID-19 қарсы вакцинаны шашады деген хабарламалар фейк және дәлелденбеген қастандық теориясына негізделген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button