Fake News

Оңтүстік Қазақстанда мектеп оқушыларын чиптеу сәуір айындағы ескі әзіл болып шықты

Желіде Оңтүстік қазақстанда жақын арада оқушылар мен студенттерді чиптеу басталатыны туралы хабарлама таратылуда. Кейбір пайдаланушылар шын деп қабылдаған бұл ақпарат сәуір айында айтылған ескі әзіл.


Хабарламаға сәйкес, құрылғы тері астына сұйық түрінде енгізіліп, ағзада қатаяды. Оның көмегімен ата-аналар баланы бақылай алады, тіпті ол темекі шегетін болса немесе алкоголь ішсе, хабарлама келеді екен. Сондай-ақ, чип баланың іс-әрекетін бақылауға және оның миына түрлі идеялар мен білім береді, мысалы, шет тілдерін меңгеру қабілетін.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Батя Таранага (@batya_taranaga)


Мұндай жаңалықпен 2014 жылғы 1 сәуірде OTYRAR газеті жариялаған. Бұған қоса, бейнеролик те бар. Айта кетерлік жайт, мақаланың төменгі жағында үлкен қызғылт сары шрифтпен «1 сәуірд құтты болсын, құрметті оқырмандар!» деп жазылған.
2020 жылдың мамыр айында бұл мақала мен видео қайта таратыла бастады, қазақстандықтар оны шындық деп қабылдады. Ол кезде адамдарды чиптеу туралы қауесет ресми түрде жоққа шығарылды.
– Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бүкіл халықты, соның ішінде мектеп оқушыларын жаппай вакцинациялау және чиптеу туралы фото және аудиожазба таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Мен барлық азаматтарды әлеуметтік желілерде жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге ғана сүйенуге шақырамын, – деді жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева Tengrinews басылымына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, түпнұсқа мақалада сипатталған технологиялар қазіргі кезде жоқ. Балаларды чиптеу, тіпті әлемнің кез келген елінде болса да, ата-аналардың келісімін қажет етеді және көптеген этикалық даулар мен келіспеушіліктер тудыратын еді.
StopFake.kz адамдарға арналған чиптер туралы және бұл туралы мифтер жайлы жазған болатын. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button