Fake News
Фейк: «Ұлттық банк азаматтардың шотынан қаражат алу сомасын 100 теңгеге дейін шектеуді жоспарлап отыр»
Мессенджерлерде қазақстандықтар ҚР Ұлттық банкі азаматтардың шоттарынан қолма-қол ақша алудың рұқсат етілген сомасын шектеуді жоспарлап отырғаны туралы ақпаратпен бөлісуде. Бұл жалған.
– Бұл фейк ақпарат, – деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінен.
Ақпарат көзі – QazInform24 Instagram-аккаунты. Бұл парақшада шынайы жаңалықтар жарияланбайды, бұл туралы оның профилінде жазылған.
Қазнет қолданушылары сатиралық контентті шын деп қабылдаған жағдайлар бұған дейін де болған. Біз бұл туралы жазған едік.