Fake News

Фейк: «Қазақстанның сыртқы қарызы азаматтарға несие түрінде ресімделеді

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның сыртқы қарызы елдің барлық азаматтарының арасында бөлініп, әрбір кәмелетке толған адамға несие түрінде ресімделетіні туралы хабарлама таратылуда. Қаржы министрі осындай ұсыныс жасап, Мемлекет басшысы оны қолдаған екен. Бұл фейк.

 

Бұл ақпарат @qazinform24 сатиралық Instagram-аккаунтында жарияланған. Бұл парақшада шынайы жаңалықтар таратылмайды. Парақшаның профилінде тек сатиралық контент пен Қазақстан туралы фейк-ньюс жарияланатыны жазылған.

ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин елдің сыртқы қарызын азаматтарға несие түрінде бөлуді елдің егемендігін сақтаудың жалғыз жол деп мәлімдегені туралы жаңалық та алдымен осы аккаунтта жарияланған.
Бұл ақпарат қазір әлеуметтік желілерде таратылуда, бірақ бұл әзіл ақпарат, сондықтан оған сенбеуіңіз керек. Сондай-ақ, елдің сыртқы қарызын азаматтарға несие түрінде 5% мөлшерлемемен беру туралы ақпарат та қалжың.
Демек, еліміздің сыртқы қарызын азаматтар несие түрінде төлейді деген ақпаратқа сенудің қажеті жоқ.

Желі қолданушылары бұған дейін де сатиралық хабарламаларды шындап қабылдаған жағдайлар болды. Біз олар туралы жазған болатынбыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button