Fake News

Фейк: «Қытаймен несие шарты жасалып, Алакөл кепілге қойылды»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алакөлді кепілге қоя отырып, Қытаймен 19 млн доллар көлеміндегі несие шарты жасалғаны туралы хабарлама таратылуда. Бұл фейк ақпарат.

Ақпараттың негізгі көзі – @Qazinform24 Instagram-аккаунты. Бұл парақшада тек адам сенбес сатиралық жаңалықтар ғана жарияланады, бұл туралы оның профилінде жазылған.
Демек, Алакөл кепілге қойылған Қытаймен несиелік шарт туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Бұған дейін біз қазақстандықтар шын деп қабылдаған сатиралық ақпараттарды жоққа шығарған болатынбыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button