Fake News

Фейк: «Нюрнберг процестері кезінде дәрігерлер жаппай вакцинация бойынша жоспарлары үшін өлім жазасына кесілді»

Танымал Telegram-чаттардың бірінде қазақстандықтар дарға асылған адамдардың ақ-қара суретімен бөлісуде. Онда Нюрнберг процестерінің бірінің шешімімен адамдарды вакцинациялауға деген ұмтылысы үшін өлім жазасына кесілген қанішер дәрігерлер деп жазылған. Бұл фейк.

Біріншіден, фотосуреттің Нюрнберг процестеріне жанама қатысы бар және дәрігерлермен еш байланысы жоқ. Суретте 1946 жылы 29 қаңтарда Киевте Калинин алаңында, қазіргі Тәуелсіздік алаңында нацистік қылмыскерлердің жаппай өлімі көрсетілген. Онда әскери тұтқындарға арналған, жүздеген тұтқын қиын жағдайда қайтыс болған алты лагерь ұйымдастырғаны; бейбіт тұрғындарды өлтіргені және 25000 әйел мен 3000 тау-кен маманын Германияға мәжбүрлеп жібергені үшін айыпты деп танылған 12 сотталушы өлім жазасына кесілген.

Дарға асылғандардың адамдарды вакцинациялауды жоспарламағаны анық.
Медициналық қылмыстар туралы іс бойынша Нюрнберг процесіне келетін болсақ, онда да вакцинация жайлы айтылмаған. 1947 жылғы 20 тамызда кіші Нюрнберг процестерінің біріншісі аяқталды, оның барысында концлагерьлердің 20 дәрігері, бір заңгер және екі шенеунік сот алдында жауапқа тартылды.

Сотталушылардың бәрі қылмыс жасау бойынша қастандыққа, атап айтқанда әскери қылмыстарға, соның ішінде концлагерьлердегі тұтқындарға мәжбүрлі медициналық тәжірибелер жүргізуге; адамзатқа қарсы қылмыстарға, соның ішінде мүгедектерді жою бағдарламасын жүзеге асыруға қатысқаны және СС, Schutzstaffel, «күзет отрядтары», Ұлттық социалистік неміс жұмысшы партиясының әскерилендірілген құрамалары сияқты қылмыстық ұйымдарға мүше болғаны үшін айыпталды.

Концлагерьлерде тұтқындарға жүргізілген медициналық тәжірибелерге вакцинация жатпаған. Тұтқындарға әдейі қауіпті аурулар жұқтырылып, әртүрлі дәрежедегі жараларды емдеу үшін оларды күйдірген, мәжбүрлеп зарарсыздандырған. Қарсы дәрі табу үшін улы газдардың әсерін сынаған, нәсілдік гигиенаның нацистік тұжырымдамасына сәйкес келмейтін ұлт өкілдері мен егіздерге адамгершілікке жатпайтын тәжірибелер жүргізген.

Сот процесі барысында жаппай вакцинациялау жоспарлары талқыланған жоқ. Сонымен қатар, вакциналар 1976 жылдан бері қолданылуда және осы уақыт ішінде ешқандай егу науқаны қылмыс деп танылмаған және дәрі-дәрмекті жасаушылар өз әзірлемелері үшін өлім жазасына кесілмеген.

Концлагерь тұтқындарына жүргізілген қатыгез тәжірибелер мен COVID-19 қарсы вакцинацияны салыстыру дұрыс емес. Бүгінгі күні осы ауруға қарсы иммундау үшін қолданылып жатқан барлық препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген.

Вакциналардың клиникалық сынақтарына қатысу ерікті түрде жүргізіледі.

COVID-19 қарсы вакцинация көптеген елдерде ерікті болып табылады. Ал Қазақстанда кейбір кәсіби салалардың өкілдері үшін міндетті, бірақ мәжбүрлі емес.

Қорыта айтқанда, таратылған фотосуреттердің дәрігерлерге де, вакцинацияға да еш қатысы жоқ. COVID-19 қарсы вакцинацияны Үшінші Рейхтің медициналық тәжірибелерімен теңестіру дұрыс емес, өйткені вакциналар тиімді және қауіпсіз болып табылады, ал адамдар екпе салдыру-салдырмау бойынша шешімді өздері қабылдауға құқылы.

 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button