Медициналық фейктер

Фейк: «COVID-19-ды лидокаин және физиологиялық ерітінді қоспасымен ингаляция жасау арқылы емдеуге болады»

Telegram мессенджерінде пайдаланушылар COVID-19 емдеу схемасымен бөлісуде, яғни физиологиялық ерітінді мен лидокаин қоспасымен ингаляция жасау керек. Іс жүзінде бұл әдіс вирустық аурулармен күресте тиімді емес.

Қарағанды медицина университетінің ішкі аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Александр Марченко мұндай емдеу жолы COVID-19 жағдайында қалпына сауығу процесінде шешуші факторға айналып, уақыт жоғалтуға әкелуі ықтимал деп санайды.

– Бұл емдеу әдісінің тиімділігі өте күмәнді. Одан тікелей зиян жоқ, бірақ өзіңізге деген сенімділікке байланысты уақыт жоғалтып алуыңыз мүмкін. Медициналық көмекке кеш жүгіну аман қалу ықтималдығын азайтады. Мен не жайлы айтып отырғанымды білемін, өйткені мен «қызыл» аймақта жұмыс істем және сарапшы ретінде жағдайларды шағымдар бойынша егжей-тегжейлі талдадым. Олардың барлығы бірдей – алдымен адамдар интернеттен тапқанның бәрімен емделді, ал емдеу тиімсіз екенін түсіне бастағанда, кейде тіпті ауыр жағдайда жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Әрине, ауруханаға жатпай-ақ сауығып шыққандары бар, бірақ коронавирустық инфекция жұқтырған жағдайда тыныс алу жолдарының жеткіліксіздігінің дамуына жол бермеу керек», – деп түсіндірді Александр Марченко.

Қазақстандықтар бұған дейін де COVID-19 емдеудің күмәнді тәсілдерін таратқан болатын. Біз ауруды гидроксихлорокинмен, кәдімгі көкпен және лимон қосылған ыстық сусынмен жеңуге болатындығы туралы фейктерді жоққа шығардық.
Баршаңызды осындай ұсыныстарға сенбеуге шақырамыз. Сырқаттанған жағдайда дереу білікті медициналық көмекке жүгіну қажет.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button