Медициналық фейктер

Дәлелсіз: «Түйежапырақ шырыны көптеген ауруларды, соның ішінде қатерлі ісіктерді емдейді»

Instagram-да түйежапырақтың шырынын дәрі ретінде жарнамалануда. Ол ойық жара мен гастритті, мастопатия мен бедеулікті, қант диабеті мен гепатитті, тіпті онкологиялық ауруларды емдейді екен. Бұл халықтық емдеу әдісі қауіпсіз бе, ол аталған аурулардың бірін болса да, емдей ала ма, жоқ па? Анықтайық.


Халықтық медицинада түйежапырақ шырыны (түйеошаған, ошаған) қан мен лимфаны тазарту үшін қолданады, сонымен қатар ол бауыр мен асқазан-ішек жолдарын тазартады. Өсімдік антиоксиданттарға бай, құрамында дәрумендер мен минералдар көп.
Ресми медицина түйежапырақ өт айдайтын және қабынуға қарсы препараттармен кешенді терапияның бөлігі ретінде пайдаланылады. Түйежапырақ тамырын қазақстандық дәріханалардан сатып алуға болады. Бұл дәрі емес, биологиялық белсенді қоспа. Өсімдік ағза үшін флавоноидтер көзі ретінде болады, ал олар өз кезегінде зат алмасу процестерін жақсартады, қанның ұюын төмендетеді, капиллярлардың сынғыштығын азайтады.
Түйежапырақтың қант диабетін, онкологияны немесе басқа ауруларды емдеу үшін қолданылатынына ғылыми дәлел жоқ. Слоан-Кеттеринг америкалық мемориалдық онкологиялық орталығының порталында өсімдіктің толық сипаттамасы жазылған. Зертханаларда жүргізілген зерттеулер түйежапырақ бактериялар мен саңырауқұлақтардың өсуін тоқтата алатынын көрсетті. Бірақ бұған қатысты терең зерттеулер жүргізілмеген.
2015 жылы түйежапырақтың репродуктивті функцияға қалай әсер ететінін анықтау үшін қант диабетімен ауыратын тышқандарға эксперименттер жүргізілді. Сығынды бедеулікке қарсы әсер етуі мүмкін екендігі анықталды. Алайда, өсімдіктің репродуктивті органдарға ықпал етуінің де нақты механизмдері жоқ. Адамдарда зерттеулер жүргізілмеген.
2002 жылы егеуқұйрықтарға жүргізілген тәжірибелер түйежапырақтың бауырдың алкогольге байланысты зақымдануын қалпына келтіретінін көрсетті. Бірақ лопуханың адамның бауырына қалай әсер ететіні әлі белгісіз.
Түйежапырақ шырынын қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. Естеріңізде болсын, дәстүрлі медицинаның ешбір құралы дәрі-дәрмектерге балама бола алмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button