Манипуляция: «Әлемде алғаш рет адамға «климаттың өзгеруі» диагнозы ресми қойылды»
Қазнет қолданушылары Telegram мессенджерінде тарихта алғаш рет пациентке «климаттың өзгеруі» деген ресми диагноз қойылғаны туралы жазды. Хабарламада климаттың өзгеруі – бұл ойдан шығарылған мәселе, сондықтан адамдарды жаңа вирусқа қарсы егу үшін осындай диагноз қойыла бастады делінген. Бұл мәлімдемелер манипуляция болып табылады. Неге екенін түсіндіріп өтейік.
Былтыр 8 қарашада канадалық дәрігерлер пациенттердің климаттың өзгеруіне байланысты тыныс алу проблемаларына тап болды деген қорытындыға келді. Бұл туралы жарияланымдарды БАҚ-тан оқуға болады. Алайда, бұл мақалаларда «климаттың өзгеруі» диагноз емес, тыныс алу жүйесі ауруының дамуының ықтимал себебі деп көрсетілген. Атап айтқанда, мамандар бұл ауру Канадада жазда күннің ыстық болуынан және ауа сапасының нашарлығынан пайда болуы мүмкін дейді.
Демек, «климаттың өзгеруі» ресми диагнозы туралы хабарламалар жалған.
Жаһандық жылыну – бұл ойдан шығарылған мәселе деген тұжырым да дұрыс емес. Климаттың өзгеруі адамзаттың бостандығы мен құқығынан айыруға бағытталған саясаткерлердің ойлап тапқаны деп қастандық теорияларын жақтаушылар жиі айтады, бірақ қазіргі кезде қолда бар ғылыми фактілер бұл нұсқаны тікелей жоққа шығарады. Бұл туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.
Фейк: «Жаһандық жылыну – адамдарды бақылау үшін ойдан шығарылған»
«Жаһандық жылынуға» қарсы вакцина жасалады деген болжам толығымен иррационалды. Климаттың өзгеруі құбылыс ретінде немесе канадалық пациенттің ауруы, оларға қарсы вакциналар немесе дәрі-дәрмек жасауға болатын вирустың немесе бактериялардың әсерінің нәтижесі деп ешкім ешқашан айтқан емес.
Сондай-ақ, хабарламада жасанды қытайлық плазмалы күн жайлы айтылады. Бұл фейк. Шын мәнінде, мұндай өнертабыс жоқ және хабарламаға тіркелген сілтеме арқылы ашылған видеода «Long March 7A» зымыранын ұшыру сәті көрсетілген.
Яғни, «климаттың өзгеруі» ресми диагнозы туралы хабарлама манипуляция болып табылады. Жаһандық жылыну – бұл ойдан шығарылған мәселе және көп ұзамай адамдар «климаттың өзгеруіне» қарсы егіле бастайды деген пікір фейк. Қытайда ұшырылған жасанды плазмалық күн туралы хабарламаның бір бөлігі де өтірік.