Fake News

Картадағы ақша: алаяқтар хабарландырулар сайттарында сатушыларды қалай алдайды

Киберқылмыскерлер хабарландырулар сайттарында және интернет-ресурстарда жарияланған қандай да болмасын қызметтерді ұсыну туралы ақпаратты өз мақсаттарында жиі пайдаланады. Алаяқтықтың құрбаны бола жаздаған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны осындай жағдайлардың бірі туралы Stopfake.kz айтып берді.

Жуырда ол OLX порталында аяқ киім сату туралы хабарландыру жариялаған. WhatsApp арқылы бірден Юлия деген біреу жазып, тауарды өлшемей-ақ сатып алуға дайын екендігін айтады. Сатып алушы аяқ киімді ертең алып кетіп, ақшаны бүгін төлейтін болған. Бірақ ол үшін сілтеме арқылы өту керек.

Stopfake ескертеді: бұл – алаяқтық әрекет. Интернетте хабарландыру жариялап, телефон номеріңізді көрсеткенде сақ болыңыз. Әлеуетті сатып алушылардан хабарлама келіп түскен кезде күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.

Схема мынадай

* Сізге тауарыңызға қызығушылық танытқан жүйе пайдаланушысынан немесе заңды ұйымдардың атынан хабарлама келіп түседі.

* Бұдан әрі тауарды сатып алу, ал ақшаны картаңызға жіберу ұсынылады.

* Сізге алаяқтық сайттың («Көшірме сайт») сілтемесі жіберіледі, онда барлық қажетті жолдарды, соның ішінде несие картасының деректерін және CVC кодын толтыру қажет. Сондай-ақ парольдерді растауды, растайтын пин-кодтарды және болашақта сіздің шотыңыздан ақша ұрлау үшін қолданылуы мүмкін басқа да ақпаратты сұрайды.

* Егер толтыру барысында қиындықтар туындаса, картаңыздың екі жағын суретке түсіріп жіберуді өтінеді.

OLX пайдаланушыларын қолдау орталығы жағымсыз жағдайды болдырмау үшін мынадай талаптарды сақтауға кеңес береді:

* Сақ болыңыз және келіп түскен хабарламалардың контекстіне, сілтемелердің атауына және басқа да мәліметтерге назар аударыңыз.

* Бейтаныс тұлғаларға өзіңіздің банктік картаңыздың деректемелерін және/немесе төлем сервистерін верификациялау кодтарын, сондай-ақ алаяқтар пайдалануы мүмкін басқа да деректерді ұсынбаңыз.

* Бейтаныс адамдар жіберген хаттар мен SMS-тердегі күдікті сілтемелерді ашпаңыз және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз

* Күмәнді сайттарда, сондай-ақ қоғамдық пайдаланымдағы компьютерлерде банк картасының деректерін енгізбеңіз.

* Сатып алу мен сатуды жергілікті жерде және ел аумағында жүзеге асырыңыз.

* Western Union және басқа да анонимді төлем жүйелері арқылы төлем жасамаңыз.

* Сатып алушылармен және сатушылармен OLX чатында хат алмасыңыз.

* Жеке ақпаратты енгізбес бұрын веб-сайттарды браузердің жаңа терезесінде ашыңыз. Web-сайтқа сыртқы сілтеме бойынша немесе қалқымалы жарнамалық хабарлама арқылы (тіпті осы веб-сайтта да) өтсеңіз, жеке мәліметтерді енгізбегеніңіз жөн. Веб-сайттың түпнұсқалығын тексеру үшін браузерде жаңа терезе ашып, мекен жай жолына URL мекен жайын қолмен теріңіз, оның ресми домен екеніне көз жеткізіңіз, OlX қызметінің ресми домені https://www.olx.kz/ .

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button