Фейк: «1920 жылғы мультфильм карантиндік шектеулерді болжап, әлемдік қастандықты дәлелдейді»
Қазнет қолданушылары 1918-1920 жылдар аралығында түсірілген мультфильммен бөлісуде. Ол «Алдын ала ескертетін мультфильм» деп аталады және онда әлемді басып алу жоспары ашылады. Бұл фейк.
Бұл мультфильм Желіде алғаш рет ағымдағы жылдың 31 мамырында BitChute порталында пайда болды. Видеоның жасалған күні көрсетілмеген. Кейіннен порталда дәл осындай мультфильм жарияланып, оның күні 1930 жылы жасалды деп көрсетілген.
Алайда мамандар видеоның толығымен компьютерде монтаждалғанын және заманауи болып табылатынына дәлелдер тапты.
Мысалы, фото және видеофейктерді әшкерелеуге мамандандырылған HoaxEye порталы мультфильмде, кескіннің өлшемін тез және бірнеше рет өзгерту үшін қолданылатын тордың деформациясы техникасын көруге болатындығын хабарлайды. Ал оны қолдану үшін заманауи компьютер қажет.
Тағы бір дәлел – мультфильмде «weaponized influenza» (жауынгерлік тұмау – ағылш.) сөз тіркесі қолданылады. Ол 1920 жылы да, 1930 жылы да қолданылмаған, өйткені weaponize етістігі және одан пайда болған weaponized сөзі тек 1950 жылдары ғана шыққан. Сөзбе-сөз аударғанда ол «бір нәрсені қаруға айналдыру» дегенді білдіреді.
Мультфильмнің 1918 жылдан 1920 жылға дейін немесе 1930 жылы жасалғандығы туралы болжам «St. James Infirmary Blues», халық әнінің каверінің орындалуы да терістейді, оны Кэб Кэллоуэй арнайы Betty Boop мультфильмінің эпизоды үшін 1933 жылы жазған.
Reuters басылымы 1930 жылы Betty Boop мультфильмін шығарған Fleischer Studios студиясының өкілдерімен байланысқа шықты. Олар әлемдік қастандықты «дәлелдейтін» мультфильм 1930 жылдары түсірілмегенін, қолдан жасалған сапалы өнім екендігін мәлімдейді, оны жасау кезінде түпнұсқа Betty Boop. Red hot mama және Swing you Sinners мультфильмдерінің элементтері қолданылған.
Студия өкілдері сондай-ақ, басылымға «сәуегейлік» бейнеде бар 1930 жылдардағы түпнұсқа мультфильмдерден алынып, мультфильмге қосылған элементтерді белгілейтін роликті ұсынды.
Осылайша, мультфильм пандемия адамзатты құлдыққа алу үшін қолдан жасалды деген теория мен әлемдік қастандықты мүлдем дәлелдемейді. Бейне заманауи компьютердің көмегімен жасалған, яғни ол ХХ ғасырдың басында түсірілмеген. Snopes басылымының фактчекерлері ролик конспирологиялық идеяларды алға жылжыту үшін арнайы жасалған деп санайды.