Fake News

Фейк: «Ғалымдар COVID-19-ға қарсы мРНҚ вакциналарын зерттемейді»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда қолданушылар COVID-19-ға қарсы мРНҚ препараттарын зерттеу жоқ деп жазуда. Демек, жаппай егу науқаны ғылыми тұрғыдан мүлдем негізделмеген жаһандық тәжірибе. Бұл олай емес. Неге екенін түсіндіріп өтейік.


Бүгінгі таңда ДДСҰ мақұлдаған КВИ қарсы вакциналарға матрицалық РНҚ немесе мРНҚ негізінде жасалған екі препарат жатады. Бұл Pfizer-BioNTech және Moderna компаниялары шығарған вакциналар. Екеуі де барлық қажетті клиникаға дейінгі сынақтардан, соның ішінде жануарларға арналған сынақтардан өтті. Pfizer-BioNTech компаниясы өз препараттарын тышқандар мен резус макактарда, Moderna – зертханалық тышқандарда сынап көрді.
Pfizer-BioNTech вакцинасы 23 елде 49 клиникалық сынақтан өтті. Оның 9-ы бірінші сатыда, 28-і екінші және 12-сі үшінші сатыда. Еріктілер АҚШ, Франция, Жапония, Таиланд, Германия, Ұлыбритания, Канада, Сингапур және басқа елдерде қабылданды.
Moderna компаниясының вакцинасы тоғыз елде 35 клиникалық сынақтан өтті. Олардың алтауы бірінші кезеңде, 18 – екінші және 11 – үшінші сатыда. Сынақтар АҚШ, Ұлыбритания, Аргентина, Канада, Испания, Сингапур және басқа елдерде өткізілді.
Сонымен қатар, аталған вакциналар әзірленген мРНҚ технологиясының өзі 1990 жылдардан бері зерттеліп келеді. мРНҚ-ны зерттеуге арналған шолу материалдары ғылыми рецензияланған Nature журналында, Джонс Хопкинс институтының ресми сайтында және Канада үкіметінің сайтында жарияланған.
АҚШ-тың Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығы құрған медициналық және биологиялық жарияланымдар базасында mRNA (мРНҚ) сұрауы бойынша осы тақырыпқа арналған 1.111 ғылыми зерттеу табуға болады. 
Демек, мРНҚ вакциналары мен жалпы мРНҚ технологиясы туралы ғылыми зерттеулер көп. Мұндай зерттеулер жоқ деген тезис – жалған, ал жаппай вакцинациялау тәжірибе деген пікірі – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button