Фейк: «Індет кезінде вакцинацияға қатаң тыйым салынады»
Әлеуметтік желілерде доктор Галина Кирилличеваның сөйлеген сөзі таратылуда, ол індет кезінде вакцинацияға қатаң тыйым салынуы керек, өйткені бұл жағдайды нашарлатуы мүмкін деп мәлімдейді. Бұл ғылымға қарсы.
Доктор Кирилличева өзінің вакцинацияға қарсы пікірлерімен белгілі. Оның айтуынша, вакциналар балалар денсаулығының нашарлауына және ересектерде созылмалы аурулардың дамуына себеп болады. Бұл ретте ол барлық басқа зерттеулерді елемей, тек «өз» тәжірибелерінің деректерін алға тартып, мәлімдемелерін «Құдайдың ақиқатымен» дәлелдейді.
Індет кезінде вакцинациялау қауіпті және бұған тыйым салынуы керек деген тезис – ғылымға қарсы және тарихи фактілерге сәйкес келмйді. 1796 жылы шешек індетін, сондай-ақ 1956-1960 жылдары Мәскеуде өршіген осы ауруды вакцинация тоқтатқан.
Вакцинация қызылша ошағын да басуға көмектесті. 2000 жылдан 2018 жылға дейін бұл аурудан болатын өлім-жітім 73%-ға төмендеді.
Вакциналар полиомиелит жұқтыру жағдайларын 99% төмендетуге септігін тигізді. 1988 жылы әлемде осы ауруды жұқтырудың 350 000 жағдайы тіркелген. 2019 жылы – небәрі 175 жағдай.
Аналарға сіреспеге қарсы вакцина жасалатындықтан, бұл аурудан көз жұмған жаңа туған сәбилер саны 88%-ға кеміді.
Сондай-ақ, қызамық пен көкжөтелге қарсы вакциналар осы аурулардан болатын өлім-жітімді едәуір азайтуға көмектесті, ал препарат шығарылғанға дейін көкжөтел балалар өлімінің ең көп таралған себептерінің бірі болған еді.
Қорыта айтқанда, вакцинация көп жағдайда індетті тоқтатудың ең жылдам және тиімді әдісі болып табылады. Екпелер адамдарға ауруды жұқтырмай және ауырмай иммунитет қалыптастыруға көмектеседі.
Індет кезінде егілуге болмайды деген пікір ғылымға қарсы және сенімсіз дереккөзден тараған.