Fake News

Фейк: «Испания химтрейлдердің бар екенін ресми түрде мойындады»

Қастандық теорияларын жақтаушылар Испания химтрейлдердің бар екенін мойындады деп хабарлады. Елдің мемлекеттік метеорологиялық агенттігінің қызметкерлері ұшақтардың қорғасын диоксидін, күміс йодидін және диатомит шашатынын айтты. Бұл ел билігі жоққа шығарған ескі фейк.


Испания мемлекеттік метеорологиялық агенттігі қызметкерлерін қауіпті химиялық қосылыстарды шашуды мойындау туралы хабарламаларды Alerta Digital басылымы таратты. Бұл порталда конспирологиялық теориялар мен фейк жаңалықтар жарияланады.
Verificador басылымының фактчекерлері хабарламаларды тексеріп, ұқсас мәтін Желіде 2015 жылдан бері таралып жатқанын анықтады. Сонымен қатар, Испанияның мемлекеттік метеорологиялық агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 
Агенттіктің ресми сайтында химтрейлдер теориясын әшкерелейтін құжат бар. Онда ұшақ ұшып өткеннен кейін аспанда іздер қайдан және неге пайда болатындығы егжей-тегжейлі түсіндірілген.
– Ұзын сызықтар түріндегі мұзды бұлттар ұшқан ұшақ қозғалтқыштарының пайдаланылған газдарындағы су буының конденсациясына байланысты пайда болады», – делінген құжатта.
Жер халқын азайту немесе олардың ақыл-ойын бақылау үшін ұшақтармен улы заттарды шашу қастандық теориясы болып табылады. Осы уақыт ішінде оған сенімді дәлелдер табылған жоқ. Дегенмен, кейбір адамдар, соның ішінде Қазақстанда да, оған сенуді жалғастыруда.
Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары Орталық барлау басқармасының мамандары мен осы технологияны жасаушының өзі ауада у шашқанын мойындағаны туралы хабарламалар таратқан.

Дәлел жоқ: «Химтрейлді жасаушы олардың мақсаты туралы айтып берді»

Бұл екі жаңалық та фейк болып шықты.

Сондай-ақ Қазнетте адамдар химтрейлдер деп ойлайтын ұшақтардың инверсиялық іздерінің немесе ерекше пішінді бұлттардың фотосуреттері жиі таратылады.
Қорыта айтқанда, Испания билігі химтрейлдердің шынайылығын мойындағаны туралы жаңалық фейк. Оны Мемлекеттік метеорологиялық агенттік жоққа шығарды. Химтрейлдер қастандық теориясы болып табылады және оған ешқандай дәлел жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button