Fake News

Түнгі клубтың ақылы серіктесі мамандығы – фейк емес

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар электрондық үкімет сайтында «Түнгі клубтың ақылы серіктесі» деген бос жұмыс орнын тапқан. Адамдардың көбі бұл қызмет жүйедегі ақаулықтан шыққан, фейк немесе хакерлік шабуыл деп шешкен. Бірақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты растады. Шын мәнінде, мұұндай мамандық иелері бар.

 

Facebook-тегі «Астана – Что? Где? Когда?» тобында пайдаланушыларды аң-таң қылған ақпарат жарияланды. Анастасия Короткова электрондық үкімет сайтында тіркелу кезінде «Түнгі клубтың ақылы серіктесі» бос жұмыс орнын тапқанын жазған. Бұл кәсіптен басқа, «Көңіл көтеру орындарына бірге баратын серіктес», «Саяхатта еріп жүретін адам» және «Бірге билейтін серіктес» мамандықтары болған. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар бұл жағдайды біреудің қалжыңы деп түсінген. Дегенмен, пост авторының айтуынша, бұл – «ресми» ақпарат.

Біз электронды үкіметке қолдау көрсететін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарластық. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, «бос жұмыс орындарының тізімі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сервисі арқылы eGov порталына «тартылатын» қызметтер анықтамалығына сүйене отырып жасалған». Сондықтан қателіктің орын алуы екіталай.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұндай мамандықтың бар екенін және Ұлттық қызметтер жіктеуішінде 519 – Жеке қызметтер саласындағы басқа жұмыскерлер ретінде жазылғанын растады.

«Түнгі клубтың ақылы серіктесі (серіктестері) – жеке қызмет көрсету саласының қызметкерлері, клубтарда, түнгі клубтарда қонақтарды кіре берісте қарсы алатын түнгі клубтардың әкімшілері және/немесе түнгі клубта жұппен билеуге арналған ақылы серіктестер ретінде жұмыс істейді. Аталған қызметкерлердің міндеттері – түнгі клубтарда клиенттерді қарсы алу және оларды көңіл көтеру шараларына ертіп бару, түнгі клубта жұппен билеу үшін ақылы қызмет көрсетеді», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Александр Кононец.

Ұлттық кәсіптер жіктеуіші бойынша жеке қызмет көрсету саласының қызметкерлері жұлдызнама құру, еріп жүру бойынша қызметтер, клиенттер үшін камердинерлік, жерлеу қызметтерін көрсету; жануарларға күтім жасау және т.б. қызметтерді» атқарады.

«Facebook әлеуметтік желісіндегі жарияланымға қарағанда, пайдаланушы Ұлттық қызметтер жіктеуішінің бөлімдерін-бөлімшелерін кезекпен таңдап отырған.
– 5 Қызмет көрсету және сауда саласының жұмыскерлері;

– 51 Жеке қызмет саласындағы жұмыскерлер

– 5190 Жеке қызмет саласындағы басқа жұмыскерлер;

– 5190-9 Жеке қызмет саласындағы жұмыскерлер басқа топтарға кірмейтін жеке қызметтер саласының жұмыскерлері.

Нәтижесінде, пайдаланушыға мынадай мамандықтар ұсынылған: дезинфектор, түрлі көңіл көтеру орындарына еріп баратын серіктес, би билеуге арналған серіктес, түнгі клубтың ақылы серіктесі, саяхаттауға еріп баратын серіктес, стилист. Яғни, бұл топта қызмет көрсету саласына жұмыс берушіні мейрамханаларға және басқа да көңіл көтеру орындарына ертіп бару, әңгімелесу, бірге билеу және басқа да жеке қызметтер көрсету болып табылады», – деп жауап берді салалық министрлік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button