Fake News

Фейк: «Pfizer вакцинасымен егілген адамдарды бақылау жүйесінің патенті табылды»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Pfizer/BioNTech вакциналарында бақылау құрылғылары бар екенін дәлелдейтін патентті талқылауда. Құжатта олардың қалай жұмыс істейтіні нақты сипатталған және ол бұрын конспирологиялық болып саналған теорияларды дәлелдейді екен. Бұл жалған.


Бұл баршаға қолжетімді нөмірі US 11,107,588 B2 патенті. Оны 2020 жылдың 30 қарашасында Ehrlich Group компаниясының негізін қалаушы Гал Эрлих және осы компанияның медициналық құрылғылар бөлімінің бастығы Мэйр Фенстер ұсынған.
Бұл патенттің Pfizer және BioNTech компанияларына, сондай-ақ олар әзірлеген вакцинаға қатысы жоқ.
Сонымен қатар, бұл компаниялар вакцинаны 2020 жылдың наурыз айында жасай бастады, ал патент тек қараша айында, препарат дайын болған кезде және клиникалық сынақтан өткен кезде берілген.
Бұл патенттің Pfizer/BioNTech шығарған вакцинасына ешқандай қатысы жоқ дегеннің белгісі. Сонымен қатар, ол COVID-19 қарсы басқа да вакциналармен байланысты емес. Онда ортақ сервер арқылы бір-бірімен байланысатын және адамның медициналық тарихы, аллергия, жұмыс орны, басқа адамдармен байланыс жиілігі және т.б. мәліметтер туралы ақпаратты қамтитын кейбір портативті құрылғылар туралы айтылады. Олардың негізінде жүйе қай адамдар қауіпті инфекцияларға бейім және кімде инфекцияның асқыну қаупі жоғары екендігі туралы қорытынды жасайды.
Идея авторлары атап өткендей, мұндай жүйе аурудың таралуын болжауға және олардың алдын алуға көмектеседі.
Вакциналардағы чиптер туралы теориялар – конспирологиялық және ғылымға қарсы. Олар 1980 жылдардың соңында пайда болғаны мен әлі де расталған жоқ.
Демек, Желіде табылған патенттің Pfizer және BioNTech компанияларына, сондай-ақ олар әзірлеген COVID-19 қарсы вакцинаға қатысы жоқ.

Бұған дейін Қазнет қолданушылары дәл осы патентті жақын арада бүкіл әлемде әлеуметтік рейтинг жүйесі енгізілетінінің дәлелі ретінде ұсынған болатын.

Фейк: «Желіде табылған патент жақын арада әлемде әлеуметтік рейтинг жүйесі енгізілетінін дәлелдейді»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button