Fake News

Манипуляция: «COVID-19 ауырғандарда тұрақты иммунитет қалыптасады, ал вакцинацияланғандар вирусты егілгендерге қарағанда белсенді таратады»

Қазнетте коронавируспен ауырғандарда вакцинацияланғандарға қарағанда анағұрлым тұрақты иммунитет қалыптасатыны туралы ақпарат таратылуда. Ал вакцина салдырғандар вирусты белсенді түрде таратады. Хабарламада жалған тұжырымдар бар.

Бірінші тұжырымның дәлелі ретінде авторлар 2021 жылғы 17 маусымдағы Англия Денсаулық сақтау қызметінің COVID-19 қайта жұқтыру статистикасы ұсынылған баспасөз хабарламасына сүйенеді. Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша Англияда пандемия кезінде 4 миллионға жуық адамның 15 893-і (0,4%) SARS-CoV-2-ді қайта жұқтырған болуы мүмкін. Статистикадан індетпен ауырғандарда күшті иммунитет қалыптасатынын көруге болады. Бұл туралы medRxiv-те жарияланған Израиль ғалымдарының зерттеуінде (рецензияланбаған) айтылады.

Алайда, қолда бар деректер COVID-19 жұқтырмағандар үшін де, ауырып шыққандар үшін де вакцинациядан бас тартуға негіз болмайды. Сондай-ақ, Израиль зерттеушілері бұрын SARS-CoV-2 ауырған және Pfizer-BioNTech-тің РНҚ (мРНҚ) вакцинасының бір дозасын алған адамдар бұрын вирус жұқтырған және әлі вакцина алмаған адамдарға қарағанда ауруды қайта жұқтырудан көбірек қорғалатынын анықтады.

Жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшылар вакцинация иммунитетті күшейтіп, ауыр зардаптар мен өлімнен қорғайтынын атап өтті. Таратылған хабарламада авторлар вакцинациядан бас тартуға итермелеу үшін деректерді пайдаланады. Бұл манипуляция.

Вакцинацияланғандар вирусты егілмегендерге қарағанда белсенді таратады деген тұжырым жалған. Біз бұл фейкті бұған дейін терістеген болатынбыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button