Фейк: «Адам ағзасы фаст-фудты қорыта алмайды»
Қазнет қолданушылары авторы БигМак-қа балқытылған мыс құйып отырған видеороликпен бөлісуде. Алғашқы секундтарда ыстық металл бургерден ағып кетеді, осыған орай, пайдаланушылар мұндай тағам ағзада қорытылмайды және оны өмірге қауіпті деген қорытынды жасады. Бұл олай емес, неге екенін түсіндіріп өтейік.
Бұл роликті алғаш рет 2016 жылы Tito4re блогері өзінің YouTube парақшасында жариялады. Видеоның толық нұсқасында БигМактың толықтай күйіп көруге болады.
Алғашқы секундтарда балқытылған металдың бургерден ағып кетуін ғылым тұрғысынан түсінікті және белгілі нәрсе. Бұл құбылыс Лейденфрост эффектісі деп аталады. Бұл кезде сұйықтықтың қайнау температурасынан әлдеқайда ыстық бетке жақын сұйықтық оны оқшаулайтын және сол беттен физикалық түрде бөлетін бу қабатын қалыптастырады.
Температурасы БигМактың ішіндегі сұйықтықтың қайнау температурасынан әлдеқайда жоғары ыстық металлды бургерге құйған кезде, бұл сұйықтық нанның бетінен тез буланып, металдың бургерге тиіп кетуіне жол бермейтін жұқа қабат түзеді. Барлық ылғал БигМактан толығымен буланған кезде бұл әсер де басылады.
Бұл құбылыстың ең керемет көрінісі – қолды балқытылған қорғасынға батыру. Егер терідегі ылғал буланып кетпей тұрғанда мұны тез жасап, металдың денеге тиюіне мүмкіндік бермесе, онда күйік болмайды.
Демек, Қазнетте тараған видео фастфуд адам ағзасында қорытылмайды деген болжамды еш дәлелдемейді.