Fake News

Фейк: «Құбырдағы судан графен табылды»

Әлеуметтік желі қолданушылары графеннің күнделікті өмірде болуына жаңа «растаулар» табуда. Вакцинацияға қарсы адамдардың пікірінше, бұл аса уытты зат және оны вакциналарға, ПТР тесттерге, маскаларға қосып, аспаннан шашып, «адамдарды улайды». Бұл жолы графен құбырдағы судан табылған екен. Бұл жалған.

Графеннің суда болуы құбырдан алынған су мен бөтелкедегі су электролизін жүргізген әйелдің видеосымен расталады. Тәжірибе соңында краннан алынған су құйылған стаканның түбінде магнитке тартылатын қоңыр тұнба пайда болады. Пайдаланушылар бұл графен деп санайды. Бұл неге олай емес және су тұнбасының шын мәнінде не екенін айтып берейік.

Видеода электролиз процесі көрсетілген. Бұл электродтарда зат бөлінетін тотығу реакцияларымен байланысты процесс.
Электролиз жүргізу үшін құбырдан алынған су жарамайды. Өйткені, оның құрамында электр тогын өткізетін металдар мен минералдар көп, нәтижесінде тұнба пайда болады. Бөтелкедегі суда қоспалар аз, сәйкесінше ол токты нашар өткізеді, ал реакция аса күшті болмайды.
Электролизден кейін құбырдан алынған суда пайда болған тұнба графен емес. Бұл электролиз кезінде коррозияға ұшырайтын электродтардың темір гидроксиді.
Темір – бұл металл, сондықтан оның бөлшектері бейнеде көрсетілгендей магнитке тартыла алады. Графен – көміртек модификациясы. Көміртек бейметалдарға жатады. Тиісінше, таза графеннің магниттік қасиеттері жоқ.
Графен – бұл заманауи материал, оның әлеуеті әлі толық зерттелмеген. Оны қолдану құрылыста, өндірісте, медицинада, биотехнологияда және басқа салаларда жаңа мүмкіндіктер ашады. Графен бағасы өте жоғары – тоннасына 67 000 доллардан 200 000 долларға дейін.
Бүгінгі таңда материалдың жаппай өндірісі жолға қойылмаған, сондықтан графенді көп мөлшерде алу мүмкін емес. 
Графеннің уыттылығы туралы ақпарат асыра сілтеушілік. Шын мәнінде, бүгінде заттың ағзаға тигізер ықтимал теріс салдарын азайтуға мүмкіндік беретін технологиялар бар.
Осылайша, видео суда графеннің барын дәлелдемейді. Роликте электролиз және темір гидроксидінің тұнба ретінде түсу процесі көрсетілген. Оны бейнедегі заттың магнитке тартылуы дәлелдейді, ал таза графеннің магниттік қасиеттері жоқ. Графенді құбырдағы суға қосу, біріншіден, мағынасыз, екіншіден, бұл заттың мөлшерінің нарықта шектеулі және қымбат болғандықтан мүмкін емес.
Бұған дейін біз вакциналардан, ПТР тесттерден, маскалардан графеннің табылғаны және оны ауаға шашатыны туралы мифтерді жоққа шығардық. Мұндай конспирологиялық теорияларға сенетін қазақстандықтар «графенді бейтараптандыратын» биологиялық белсенді қоспалар сату арқылы ақша табуға да тырысуда.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button