Манипуляция: «COVID-19 экспресс сынағы таңқурай, қарақат және қызанақта оң нәтиже көрсетті»
Танымал Telegram-чаттардың бірінде қазақстандықтар COVID-19 экспресс тесті қызанақ, таңқурай және қара бүлдірген шырындарын тамызса, оң нәтиже көрсететіні туралы хабарламалармен бөлісуде. Бұл сынақтар сенімді еметігін және вирус болмаса да оң нәтиже көрсететінін дәлелдейді. Бұл жалған.
COVID-19 арналған экспресс және ПТР тесттер адамның сілекейінен немесе қанынан өзгеше ортада дұрыс жұмыс істеуге арналмаған. Тиісінше, тестке жеміс немесе көкөніс шырынын тамызғанда, сенімді нәтиже шықпайды. Мысалы, Joysbio өндірген КВИ жедел тестілеу жиынтығын қолдану жөніндегі нұсқаулықта былай делінген: «Бұл жиынтық тек адам үлгілеріне ғана пайдалануға арналған… Үлгілерді жинау мен дайындаудың дұрыс әдістерін сақтау қажет… Тестілеу процедурасының сақталмауы тест жасауға теріс әсер етуі және / немесе тестті, нәтижені жарамсыз етуі мүмкін».
Пайдаланушылар осы сияқты «тәжірибелерді» жемістермен, газдалған сусындармен және басқа сұйықтықтармен пандемия басталған кезде жасады. Ол кезде жемістердің «COVID-оң» нәтиже шығару құбылысын Грайфсвальд университеті клиникасы жанындағы Медициналық микробиология институтының директоры Карстен Беккер түсіндірген болатын.
«ПТР негізіндегі сынақтар вирустың нуклеин қышқылын тестілеу принципіне негізделген материалдардың кең спектрінде анықтай алады. Алайда, сынақ материалы тесттің реакциясына теріс әсер етуі мүмкін, атап айтқанда, жалған нәтижелерге әкелуі мүмкін. Тесттердегі реакция, сіз тестәрдайым тің сенімді нәтижесін алғанша, зерттелетін материал үшін бағалануы керек», — деді ол Correctiv басылымына берген сұхбатында.
Жеміс-жидек шырындары адам қанынан, оның ішінде қышқылдық деңгейімен ерекшеленеді. Біріншіден, ол бірнеше есе жоғары. Бұл тест жұмысына әсер етіп, оның жалған нәтиже көрсетуіне септігін тигізеді.
Жоғары қышқылды орта әсерінен COVID-19 сынақтары ғана емес, сондай-ақ тест жүйелерінің басқа түрлері де дұрыс нәтиже көрсетпеуі мүмкін. Мысалы, егер жүктілікті анықтауға арналған тест жолағына лимон шырынын тамызып, оң нәтиже алуға болады.
Бұған дейін біз мұндай фейктерді жоққа шығарған болатынбыз. Желі қолданушылары Coca-Cola, Red Bull, жеміс шырындары мен лимонды КВИ-ге «тексерген».
Манипуляция: «Соса-Cola-ның COVID-19 анықтау бойынша тест нәтижесі оң болды»
The Observers басылымы сондай-ақ мұндай тәжірибелерді неге сенімді деп санауға болмайтындығы туралы егжей-тегжейлі жазған.