Манипуляция: «ДДСҰ сау балаларға бустерлік дозалар қажет емес деп мәлімдеді»
Қазнет қолданушылары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғалымы Сумья Сваминатанның сөзін талқылауда. Биыл 18 қаңтарда өткен брифингте ол қазіргі кезде сау балалар мен жасөспірімдерге COVID-19 қарсы вакцинаның бустерлік дозалары қажет екендігіне ешқандай дәлел жоқ деп мәлімдеді. Бұл нені білдіреді, түсіндіріп өтейік.
Кейбір пайдаланушылар осылайша ДДСҰ COVID-19 қарсы вакцинацияны тоқтата бастады деп ойлайды. Іс жүзінде Сумья Сваминатанның айтқаны басқа.
Дені сау балалар мен жасөспірімдерге вакцинаның бустерлік дозаларының қажеттілігіне дәлелдердің жоқтығы туралы хабарламас бұрын, ол ең алдымен халықтың осал топтарының өкілдерін қорғау қажеттілігі туралы айтты.
Атап айтқанда, ол жақын арада иммундау бойынша сарапшылардың стратегиялық консультативтік тобы шақырылатынын жеткізді. Отырыстың мақсаты вакциналардың бустерлік дозаларына қатысты түрлі елдер үшін стратегиялар әзірлеу болады.
– Мақсат – ең осал адамдарды қорғау, аурудың ауыр түріне шалдығу және өліп кету қаупі бар адамдарды қорғау. Бұл иммунитеті төмен қарт адамдар, сонымен қатар медициналық мамандар», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус та осындай идеяны алға тартқан болатын. 2021 жылғы 22 желтоқсанда ол бірінші кезекте COVID-19 қарсы вакциналарды үлестіруде теңдікке қол жеткізу керек екенін айтты. Бұл үшін ол ең алдымен аурудың ауыр ағымы болу, ауруханаға жатқызу және қайтыс болу қаупі бар адамдарды вакцинациялауды, содан кейін балалар мен дені сау ересектерді қайта иммундауға кірісуді ұсынды.
ДДСҰ-ның мұндай ұстанымы кейбір адамдарды вакцинациялаудан бас тартудың белгісі емес. Ұйым әлі де болса әлем халқына COVID-19-ға қарсы егілуді ұсынады және иммундау препараттарына тең қол жетімділікке назар аударады.
Осылайша, Сумья Сваминатанның мәлімдемесі ДДСҰ-ның жаңа ұстанымы емес. Ол ұйым өкілдері бұған дейін айтқан идеяны қайталады.