Fake News

Фейк: «SARS-COV-2 америкалық зертханада қолдан жасалды»

Желі қолданушылары өзін БҰҰ химиялық және биологиялық қару комиссиясының мүшесі деп атайтын және SARS-COV-2 қолдан жасалды деп мәлімдеген Игорь Никулинның видеосын таратуда. Бұл тұжырым дәлелденбеген.


Игорь Никулиннің сұхбатынан алынған бір минуттық видеода «SARS-COV-2 – бұл қолдан жасалған ақуыз» деп жазылған. Бұл жерде «вирус» және «ақуыз» анықтамалары шатастырылған. Бұл екеуі бір емес.
SARS-COV-2 – бұл вирус және оның құрамында ақуыз бар.
Спикерге және оның мәлімдемелеріне тоқталайық. Игорь Никулин – кейбір ресейлік телеарналардың бағдарламаларына қонақ ретінде жиі қатысады. Оны БҰҰ биологиялық және химиялық қару комиссиясының бұрынғы мүшесі ретінде таныстырады. Алайда мұндай құрылым БҰҰ-ның ресми сайтында көрсетілмеген. Никулиннің БҰҰ-ға қатысы барына басқа дәлелдер табылмады. Бірақ желіде оның мәлімдемелері көп. Мысалы, Игорь Никулин америкалықтар БҰҰ штаб-пәтерінің ғимаратында Уго Чавеске қатерлі ісікті әдейі жұқтырған деп хабарлады. Сонымен қатар, ол америкалық зертханаларды африкалық доңыз обасының таралуымен, Украина мен Грузияда қызылша ауруының және оңтүстікамерикалық зика вирусының ошақтарының пайда болуына қатысы бар деп айтқан.
Қазір қолданушылар таратып жатқан видеода Игорь Никулин S-ақуыздың қолдан жасалғанын айтады: «…Шамамен 2013 жылдары америкалық зертханада шығарылған, яғни олар осындай ақуыз енгізген».
SARS-CoV-2-нің шығу тегі табиғи екендігі зерттеулермен расталған және бүгінгі күні оның зертханада жасалғанына ешқандай дәлелдер жоқ. Вирус алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында пневмониямен ауырған науқастан алынған нуклеин қышқылы талдауы нәтижесінде анықталды.

Фейк: «SARS-CoV-2 вирусы компьютерде модельденген, ол табиғатта болған емес»

Спайк ақуызы немесе S-ақуыз – бұл вирустың бөлігі, коронавирустың үстіне шығатын «шыбық». Тікенді ақуыздар гликопротеиндер болып табылады. Олар вирусты жасушаға бекітеді, соның нәтижесінде инфекция пайда болады.

Бұған дейін қазақстандықтар вакциналарда спайк-ақуыздың бар, ал егілген адамдар оны айналасындағыларға жұқтырып, тарататындығы туралы фейктер таратқан болатын. Бұл мәлімдемелер вакцина жасау принциптеріне де, олардың әсер ету механизмдеріне де қайшы келеді. Дәрі-дәрмекті зерттеу олардың қауіпсіздігін дәлелдеді.

Фейк: «Егілген адамдар коронавирустың спайк ақуызын бөліп шығарады»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button