Fake News

Фейк: «Адам денесінен белгісіз паразит табылды»

Telegram-да COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған науқастың денесінен алынған белгісіз паразит бейнеленген фотосурет таратылуда. Оның астынан паразит ағзаға вакцинамен түскен, ал препаратқа әдейі салынған деп жазылған. Бұл олай емес.


Алдымен ғылымға белгісіз паразиттің тарихында нақтылық жоқ екенін атап өткен жөн. Суреттерді АҚШ-тың Юта штатында орналасқан белгісіз қаладағы аты аталмаған аурухананың бір медбикесі жариялаған. Оның үстіне, Telegram-да айтылған оқиғада ерекше паразитті дәрігерлер «алып шыққан», ал БАҚ-та науқас фотодағы «тіршілік иесін» жөтеліп шығарған делінген. 
Мұндай маңызды жайттарда нақтылықтың болмауы мен сәйкессіздіктер жалпы бұл оқиғаға деген сенімге нұқсан келтіреді. Дегенмен, фактілерді салыстырып көрейік.
Бұл оқиғаны вакцинацияға қарсы белгілі тұлға, covid-диссидент Джейн Руби жария еткен. Ол COVID-19 қарсы вакциналарға қатысты бірнеше рет негізсіз және жалған мәлімдеме жасаған.
Көпшілік алдында сөйлеген сайын ол өзін дәрігермін дейді, бірақ шын мәнінде дәрігер емес екендігі туралы айтпайды. Оның Желіде тараған жазбаша жауабына сәйкес, Джейн Руби PhD (философия докторы), EdD (білім саласының докторы), MS (ғылым кандидаты), NP (медбике дәрігері) және экономист дипломына ие. Джейн Рубиде АҚШ заңы бойынша лицензияланған дәрігер болып саналу үшін, адамдарға дәрі-дәрмек тағайындауға және ота жасау құқығына ие болу үшін қажетті MD (MD) дәрежесі жоқ. Демек, ол ешқашан тиісті білім алған емес. 
Рубидің айтуынша, «паразит» көрсетілген суретте жансыз тіршілік иесі бейнеленген. Бұл пластикалық бронхиттің салдары. Бұл көбінесе ілеспе жүрек және өкпе патологиялары бар адамдарда дамитын сирек кездесетін ауру. Пластикалық бронхит кезінде тыныс алу жолдарында сұйықтық пайда болады, ол қатайып, консистенциясы резеңке тәрізді болады. Ол тыныс алу жолдарын толтырады, ауаның өтуіне жол бермейді және бронх ағашының пішінін толығымен қайталайды.
Ғылымда мұндай заттарды науқастар жөтеліп, өздігінен шығарған жағдайлар болған. Ғылыми еңбектерде де олардың белгісіз «паразиттің» суреттеріне өте ұқсас фотосуреттері бар.
Ал 2018 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында 36 жастағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқас қатты жөтелген кезед бронх ағашының пішініне ұқсас тромб шығарған жағдай туралы кеңінен жазылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында да, ғылыми журналдарда да COVID-19 немесе осы ауруға қарсы вакциналар пластикалық бронхиттің дамуына әкелуі мүмкін екендігі туралы айтылмайды.
Алайда, H1N1 тұмауының ауыр түрінен кейін пластикалық бронхит дамыған жағдайлар болған. 
COVID-19 қарсы вакциналарда қандай да бомласын паразиттер болуы мүмкін деген теория негізсіз. Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген барлық вакциналардың құрамы, жанама әсерлері және фармакологиялық қасиеттері ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сайтында ашық түрде орналастырылған.

Қорыта айтқанда егілген ер адамның денесінен табылған белгісіз паразит туралы хабарламалар жалған болып табылады. Мұндай жағдайдың шынымен орын алғанына ешқандай дәлел жоқ, хабарлама авторы Джейн Руби бұған дейін бірнеше рет фейк ақпарат таратқан және оқырмандарына дәрігермін деп айтқан, бірақ дәрігер емес екенін жасырып қалған. Таратылған фотода паразит емес, COVID-19 немесе вакциналармен ешқандай байланысы жоқ ғылымға белгілі пластикалық бронхиттің салдары бейнеленген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button