Fake News

Фейк: «Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның орнына бүкіл әлем бас тартқан қоқысты сатып алды»

Қазақстандық Telegram-арналардың бірінде Pfizer вакцинасының қауіпті екенін дәлелдейтін видео тарады. Онда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «бүкіл әлем бас тартқан қоқысты» сатып алды деп жазылған. Бұл өтірік. Неге екенін айтып берейік.


Автор Pfizer вакцинасын «қоқыс» деп атаған хабарламада бірқатар жалған мәлімдеме бар.
Біріншісі, бүкіл әлемнің бұл препараттан бас тартқандығы жайлы. Шындығында, Pfizer/BioNTech вакцинасы 103 елде тіркелген, ДДСҰ және АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасымен (FDA) мақұлданған. Препарат бірінші кезеңде 9, екінші кезеңде 26, үшінші кезеңде 10 сынақтан өтті. Олардың барлығы сәтті аяқталып, жақсы нәтижелер көрсетілді. Сынақтардың өту барысы туралы есептер Желіде баршаға қолжетімді. 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі екпе салдыруға келісімге қол қойған балалардың ата-аналарынан басқа, вакциналардың сапасы үшін ешкім жауап бермейді деген автордың сөзін жоққа шығарды.
– Вакцинаның салдары болған жағдайда өндірушіден бастап тікелей емдеу мекемелеріне дейін процеске қатысушылардың барлығы жауапты болады, – деп хабарлады ведомстводан.
Бейнероликтің өзінде Pfizer/BioNTech өндірген препаратпен вакцинациялау салдарынан болған өлім туралы ақпарат ұсынылған. Алайда, олардың ешқайсысы іс жүзінде егілумен байланысты емес, бұл туралы бұған дейін хабарланған болатын.
Reuters және Wired басылымдары Норвегияда қарттар үйінің екі тұрғыны иммундау нәтижесінде қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарды.
Мақалаларда өлім жағдайлары денсаулығы нашар және көптеген созылмалы аурулары бар қариялар арасында болғаны айтылған. Сондай-ақ, вакцинацияның олардың жағдайына теріс әсер еткеніне ешқандай дәлел жоқ.
Видеода вакцина алған америкалық дәрігердің қайтыс болғаны туралы хабарланады. Алайда, тексеру нәтижелері мен оның өлімін тергеген мамандардың медициналық қорытындысы баршаға белгілі, онда өлімнің табиғи себептерге байланысты болғаны және иммундаумен байланысты емес екендігі жазылған. 

EUvsDisinfo басылымының фактчекерлері Австрияда Pfizer вакцинасымен егілген 41 адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жалған деп атады. Олардың мәліметінше, Австрияның Денсаулық сақтау қауіпсіздігі жөніндегі федералды кеңсесі 2021 жылғы 1 наурызда вакцинацияланған адамдар арасында 41 адамның көз жұмғанын хабарлаған, бірақ есепте біреуінің болсын вакцинадан өлгені айтылмаған. Шындығында, өлім себептері құжатта көрсетілмеген.
Видеода келтіріліп отырған Pfizer вакцинасынан болатын өлім-жітім Astra-Zeneca-ға қарағанда 2,5 есе артық екендігі жайлы Тони Блэрдің мәлімдемесі манипуляция болып табылады. Шын мәнінде, Тони Блэр болжамды жағымсыз реакцияларды бақылайтын британдық Yellow Card-та жүйесінде Astra-Zeneca-ға қарағанда Pfizer препаратымен вакцинациядан кейін көп шағымдар тіркелгенін айтқан.
Yellow Card жүйесі шағымдар мен өтініштерге арналған ашық алаң болып табылатынын айта кеткеніміз жөн. «Схема медицина қызметкерлері мен жұртшылық, соның ішінде пациенттер, қамқоршылар және ата-аналар хабарлауы тиіс керек медициналық саладағы болжамды жанама әсерлер немесе оқиғалар туралы ерікті хабарламаға негізделген», – делінген Yellow Card ресми сайтында.
Yellow Card жүйесіне келіпс түскен өтініштер бойынша қорытынды есептерде «Өтініш білдірушілер өз бойында күдік келтірген көптеген жағымсыз реакциялардың вакцинациямен ешқандай байланысы жоқ. Көп жағдайда вакцина алу мен жайсыздық белгілерінің бір уақытта болуы – бұл сәйкестік».
Сондықтан жүйеде жарияланған ақпаратты толығымен сенімді деп санауға болмайды. Бұл статистикаға негізделген тұжырымдар да дұрыс болмауы мүмкін.
Сонымен қатар, видеода Жапонияның Pfizer препаратын қолданудан бас тартқаны туралы айтылған. Алайда, Желіде 2021 жылдың соңына қарай Жапонияда COVID-19-ға қарсы егілген адамдарды қайта вакцинациялау басталатыны туралы ақпаратты оңай табуға болады.
2022 жылы Жапонияға Pfizer/BioNTech шығарған вакцинаның қосымша 120 миллион дозасы жеткізілмек.
Демек, Қазақстанда балалар мен жүкті әйелдер «қоқыс» егіледі деген пікір фактілермен манипуляциялауға және жалған ақпаратқа негізделген. Pfizer/Biontech вакцинасы әлемнің 103 елінде мақұлданған, сондай-ақ клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, ДДСҰ-да тіркелген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button